Спорт және туризм

Бокстан ұлттық құрама жасақталды

Бокстан ұлттық құрама жасақталды

Өткен жылдың соңында Шымкент қаласында бокстан Қазақстан чемпионаты өткені белгілі. Біріншілік басталардан бұрын ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына бірнеше мәрте сұхбат беріп, біріншілікте атой салып, жүлдегерлер қатарынан көрінгендерге ұлттық құрама сапынан орын сайлап отырғанын айтқан болатын. Сондай-ақ ол ел біріншілігіне халықаралық деңгейдегі атақтарына қарамастан, барлық боксшының қатысатынын сөз еткен-ді. Сөз жүзінде бапкердің айтқанына сүйсінгенімізбен, іс ...

Read More »

Өңір спорты өзгеге үлгі

Өңір спорты өзгеге үлгі

 Өңіріміздегі жұмыс сапарын Парламент Мәжілісінің депутаттары, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Құдайберген Ержан, Бекболат Тілеухан Тараз қаласындағы «Мәңгілік ел» монументіне гүл шоқтарын қоюдан бастады. Бұдан кейін «Тараз–Арена» спорт кешеніне барып, ондағы жұмыс барысымен танысты.

Read More »

Жүрегі нәзік, жұдырығы жойқын қыз

Жүрегі нәзік,  жұдырығы жойқын қыз

Ол – қазақ арулары арасынан шыққан тұңғыш кәсіпқой боксшы. Жастайынан шаршы алаңда тер төгіп, әбден ысылған Фируза әуесқой бокста бірнеше мәрте ел біріншілігінде жүлдегер атанып, Азия чемпионатынан да медальмен қайтқан. Ерекше техникасымен, шаршы алаңда қарсыласының осал тұсын дәл таба білуімен ерекшеленген Фирузаның таланты кәсіпқой бокс әлемінің мамандарын бейжай қалдырмағаны анық. Кәсіпқой бокста қазақстандық арулардың да алар үлесі бар екенін Фируза ...

Read More »

Тағдыр тауқыметін жеңген қаһарман

Тағдыр тауқыметін жеңген қаһарман

Жүзінен жылы леп есіп тұратын Зүлфия Ғабидуллина тағдыр тауқыметін жылы жымиысымен-ақ жеңіп жүргендей көрінеді. Мүмкіндігі шектеулі болғанымен, қарымы шексіз жерлесіміз ешқандай қиындыққа мойымайды. Оның тұла бойында әлсіздік деген қасиет жоқ. Қайта тағдырдың қатал сынымен қаймықпай күреседі. Алдына асқаралы арман қоя біледі. Қазақ елінен шыққан тұңғыш Паралимпиада чемпионының осындай ерге тән күрескерлік қасиеті оны «Қазақстанның 100 жаңа есімінің» қатарына қосқаны анық. ...

Read More »

Біздің Батори

Біздің Батори

«100 жаңа есім» жобасына жамбыл жерінен үш спортшы енгені белгілі. олардың қатарында жамбыл футбол мектебінің түлегі бауыржан исламхан да бар. Оны көпшілік «Батори» атап кеткен. Жамбыл футбол мектебінің түлегі Бауыржан Исламхан футболдағы кәсіби мансабын «Тараз» футбол клубында бастады. Жас та болса жасыл алаңда жасындай жарқырай білген Бауыржанның шеберлігіне еліміздің белді командалары мен көршілес мемлекеттердің ұжымдары қызыға бастады. Балаң шағында таэквондомен ...

Read More »

«Астана» Ресейде жеңілді

«Астана» Ресейде жеңілді

ВТБ бірегей лигасында сынға түсіп жатқан «Астана» баскетболшылары кезекті ойынын Ресейде жергілікті «ЦСКА» командасына қарсы өткізді. Тәжірибесі мол «ЦСКА» бұл ойында өздерінің басымдықтарын байқата білді. Ойынның алғашқы ширегі тартысқа толы жағдайда өтті. Қос команда алма-кезек шабуылмен алмасып жатты. Әйткенмен, «Астана» баскетбол клубының шеберлері кейбір сәттерде мүлт кетті. Ұрымтал тұстарды ұтымды пайдалана алмаған қазақстандық баскетболшылар бірінші кезеңде 21:16 есебімен қарсыластарына жол ...

Read More »

Альварес Головкиннен озып кетті

Атақты ESPN телеарнасы биылғы жылғы ең танымал бокс жекпе-жектерінің рейтингісін ұсынды. Ақылы телеарналардан көрсетілген жекпе-жектер көшін америкалық Теренс Кроуфорд пен Феликс Диас арасындағы айқас бастаған. Бұл шайқасты 961 мың адам тамашалапты. Екінші орынға пуэрто-риколық Мигель Котто мен Садам Али арасындағы кездесу орналасыпты (аудиториясы 944 мың адам), үздік үштікті Майки Гарсия мен Эдриен Бронер жекпе-жегі түйіндеген. Бұл тізімге қазақстандық Геннадий Головкиннің ...

Read More »

Шарипова шайқасқа дайын

Шарипова шайқасқа дайын

Қазақ арулары арасынан тұңғыш кәсіпқой боксқа бет бұрып, жеңіл салмақта топқа түсіп, WIBA, WBU тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған Фируза Шарипова кезекті жекпе-жегін 30 желтоқсанда Алматыдағы «Алматы–Арена» спорт кешенінде өткізеді. Осыдан біршама уақыт бұрын «ЭКСПО – 2017» көрмесі аясында Астанада болгар қызы Милена Колеваны төрешілердің бір жақты шешімімен жеңген Фируза жоғарыда айтып өткен екі бірдей чемпиондық белбеуді иеленген болатын. Енді ...

Read More »

Әселдің алар асуы алда

Әселдің алар асуы алда

Каратэ-до шотоканнан әлем кубогінде күміс медаль алған жерлесіміз Әсел Рашидқызымен Қаратауда жүздесудің сәті түсті. Әсел мен оның жеке жаттықтырушысы Гүлнар Валиева шығыс жекпе-жегінің қыр-сыры туралы ойларын бізбен бөлісті. Гүлнар таэквондодан спорт шебері екен. Отбасын құрған соң жаттықтырушылыққа бет бұрыпты. Қаладағы Айша бибі атындағы дарынды қыз-балаларға арналған мамандырылған білім-инновация мектеп-интернатында дене шынықтыру пәнінен сабақ та береді. Әрі шәкірттеріне шығыс жекпе-жегі каратэ-до ...

Read More »

Тұңғыш рет…

Тұңғыш рет…

Жуалыда балғын шаңғышылар сынға түсті Ақшұнақ аязы бет қаритын Жуалы жерінде қысқы спорт түрлерімен айналысатын мүмкіндік жеткілікті. Әсіресе, бұл аймақта шаңғы, коньки тебуге таптырмас орындар баршылық. Мұнда Алматыдағыдай Медеу мұз айдыны сияқты орын болмағанымен, спортпен айналысамын деген бұқара үшін ыңғайлы жерлер бар. Мәселен, ауданға кіреберістегі «Мәңгілік Ел» аллеясы. Аудан әкімі Бақтияр Көпбосыновтың тікелей бастамасымен салынып жатқан аталған аллеяда жуырда шаңғы ...

Read More »