Жамбылда не жаңалық?

Жамбыл

Келіндер байқауда бақ сынады «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Инабатты келін – 2017» атты жас келіндердің арасында облыстық байқауы өтті. Байқауға Тараз қаласы мен аудандардан 10 үміткер қатысып, «Таныстыру», «Сиыр сауу», «Таба нан пісіру», «Ұлттық салт-дәстүр бойынша сұрақ-жауап», «Ұлттық тағам әзірлеуден аспаздық шеберлік» аталымдары бойынша сынға түсті. Нәтижесінде, жүлделі І орынды Тараз қаласының атынан қатысқан А.Абдраимова жеңіп алса, ІІ орын Талас ...

Read More »

Тараз

Жаңа пошта блогы – айналымда Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Жамбыл облысы» тақырыбындағы «Менің Қазақстаным» сериясының екі маркадан тұратын пошта блогын айналымға енгізді. Блок екі марка және екі купоннан тұрады. 4 бояулы, перфорациясы жиектемелі. Блоктың өлшемі 120х84 миллиметрді құрайды. Ал маркалардың өлшемі 40х28 миллиметр. Блокта ультракүлгін бояу қорғаныс элементтері қолданылған. Маркалардың атаулы бағалары 140 теңге және 200 теңгеден. Таралымы ...

Read More »

Жамбыл

Батырханның бас жүлдесі Шымкентте күйші-композитор Батырхан Рыспамбетовтің күйлерінен І оңтүстік аймақтық күйшілер конкурсы өтті. Бұл байқауға Аса ауылындағы Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің 6-сынып оқушысы Сұлтан Әлімқұлов қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Аламанға ат қосқан кіл жүйріктерден шеберлігімен, өнерге құштарлығымен дараланған Сұлтанның өнері қазылар алқасын таңдай қақтырды.

Read More »

ЖУАЛЫ

Көшбасшы жолы – дара жол Еліміздің Тұңғыш Президенті күні қарсаңында аудандық әділет басқармасының мәжіліс залында дөңгелек үстел отырысы өтті. Алдымен «Елбасы жолы» атты деректі фильм көрсетілді. Мұнан кейін аудандық әділет басқармасының басшысы Дидар Кенжебеков Ұлт Көшбасшысы жайлы баяндама жасады. Мекеменің нотариусы Меруерт Саттарова, адвокаты Ораз Шуақбаев, аудандық «Қазпошта» торабының маманы Жасұлан Арзымбетов тәуелсіз елімізді қалыптастыру жолындағы Елбасының ерен еңбектері жөнінде ...

Read More »

Шу

бильярдттан турнир өтті Шу қаласындағы Балуан Шолақ атындағы кешенде республикалық турнирлерінің жүлдегері Арман Қосақовты еске алуға арналып, бильярдтан аудандық жарыс өтті. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ербол Аймамбетов сөз сөйлеп, әуесқой қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыс қорытындысы бойынша Жаңатас қаласының тұрғыны Данияр Садықов жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, Марат Әскербеков пен Асқар Айтжанов жүлделі орындардан көрінді. Қосақовтар әулеті жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ақшалай сыйлықтармен ...

Read More »

Сарысу

«руханият орталығы» ашылды Жаңатас көп салалы колледжінде «Руханият орталығы» ашылды. Елбасының бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді орындау аясында тұсауы кесілген орталықтың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Динара Асанова сөз сөйлеп, бұл залда маңызы жоғары жиындар, семинарлар өтетінін айтты. Аталған орталықта «Туған жер», «100 есім», «100 оқулық» бағыттары бойынша арнайы бұрыштар ұйымдастырылған. Сондай-ақ, студенттердің қолымен жасалған макеттер, бұйымдар қойылған. Колледж директоры Нұрландия ...

Read More »

Талас

ауылдан шыққан шебер С. Шәкіров ауылының тұрғыны Қайрат Жадағазыұлы ескі «Жигули» автокөлігінің моторын пайдаланып, тиісті тетіктерді құрастырып, оған шөп оратын және тырмалайтын агрегатты қосты. Енді қосымша шөп тайлағыш қосылмақ. Шебер жігіт өзінің ойлап тапқан кешенді құрылғысымен шөп орағы науқаны кезінде ауылдастарына да көмек қолын созды. Бір өзі бірнеше жұмысты атқаратын ақылды автокөлікке ауылдастары дән риза.

Read More »

ЖУАЛЫ

Қожалық жетекшілері бас қосты Аудандық Мәдениет үйінде «Қазақстан фермерлер одағы» облыстық филиалының төрағасы Жигули Дайрабаевтың қатысуымен жиын өтті. Жиынға жуалылық серіктестіктер мен шаруа қожалық жетекшілері, жеке кәсіпкерлер қатысты. Жиналғандар алдында аудандық мәслихаттың депутаты Керімқұл Бегалиев, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Смайыл Көбесов сөз алып, шаруалардың атынан картоп өсіруге субсидия төленсе, тұқым сапалы болса, жанар-жағармай қолжетімді болса деген ұсыныстар айтылды.  

Read More »

ТАЛАС

Көшек батыр ауылында – жаңа спорт алаңы Кеңес ауылдық округіне қарасты Көшек батыр ауылында жаңа спорт алаңы салынып, пайдалануға берілді. Бұл нысан «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында «Қалалардың және елді мекендердің объектілерін жөндеу» жобасының негізінде салынды. Спорт нысанының ашылу салтанатында аудан әкімі Досмұханбет Әлиев сөз сөйлеп, ауыл жастарының ішінен спортшылар шыға беруіне тілектестік білдірді. Жиналған көпшілікті ...

Read More »

Қордай

Кенен мұражайына саяхат Елбасы ұсынған «Туған жер» бағдарламасы аясында аудан орталығындағы Абай атындағы орта мектептің үшінші сынып оқушылары сынып жетекшілерінің бастауымен сал-серілердің соңғы тұяғы саналатын Кенен Әзірбаевтың мұражай үйіне саяхат жасады. Мұражай қызметкерлері оларға ақынның көзі тірісінде қолданған заттарын көрсетіп, шығармашылығы жайлы кең мағлұматтар берді. Жол-жөнекей жас саяхатшылар асу биігіндегі Қордай батыр кесенесіне де аялдап, аты аңызға айналған батыр туралы ...

Read More »