Еліміздегі ең ірі жеміс-жидек бауы

«Аграрлық несие корпорациясының» қаржыландыруымен өсірілмек

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бәсекеге қабілетті ауыл кәсіпкерлігін дамытуды ынталандыратын қолжетімді несиелендіру жүйесін қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырып келеді. Корпорация «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі компаниялар тобының құрамына кіреді.
Аталған құрылымның «Агротехника», «Агрокоммерция», «Іскер», «Агроэкспорт», «Агробизнес», «Кең дала» және ҚР Ұлттық Қор қаражаты есебінен несиелендіру бағдарламаларын ұсынатыны белгілі. Корпорация өткен жылдың 10 айында жалпы сомасы 129 миллиард теңгені құрайтын 6447 агроөнеркәсіптік кешен нысанын қаржыландырған.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында: «Ауыл шаруашылығы субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсету керек» деп ерекше атап өтті. Корпорация, әсіресе ауыл шаруашылығы кооперативтері мен бау-бақша шаруашылығын дамыту бағытында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Бүгінде Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының экономикасын көтеру мақсатында бау-бақша шаруашылығын дамыту жобасы іске асуда. Бұл тұрғыда кіші және орта бизнеске инвестиция тарту үшін мемлекеттік және жеке секторлар бірігіп қарекет ету үстінде.
Өткен жылдың қараша айынан бастап облысымыздың Т.Рысқұлов ауданында орналасқан «Құлан» агропаркінде 100 гектар аумаққа шие ағаштарының алғашқы көшеттері отырғызыла бастады. Еліміздегі ең үлкен шие бауы жылына 1680 тонна өнім беріп, 50 адамды жұмыспен қамтитын болады. Жалпы «Құлан» агропаркі 15 инвестициялық жобаны біріктіріп, жылына 50 мың тонна жеміс-жидек өнімін беретін және аймақтағы 2000 тұрғынға жұмыс ұсынатын сәтті жоба болмақ.
Алдағы жылдары корпорация «2017-2021 жылдарға арналған еліміздегі мемлекеттік агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағдарламасын іске асыру аясында АӨК субъектілерін тікелей қаржыландыру көлемін азайтып, есесіне екінші деңгейлі банктерді, кредиттік серіктестіктерді және лизинг компанияларын қорландырумен айналыспақ. Ал олар өз кезегінде шаруаларды несиелендіретін болады.

«Ақ жол-Ақпарат»

About admin

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>