Ел сенімін күшейтеді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған әр Жолдауынан дамудың даңғыл жолын көруге болады. Тәуелсіздік алғалы бері заман талабына сай жаңарып, мемлекетіміз дамыған, көші ілгері елдермен иық тіресе алатын жағдайға жетті. Аз жылда жеткен мұндай зор жетістік Елбасы Жолдауында: айтылған тапсырмалардың дер кезінде орындалып, уақытында іске асуының арқасы деп ұққанымыз жөн. Жылдан-жылға ел әлеуеті артып, әлеуметтік жағдайымыз жақсарды. Жыл сайын зейнеткерлердің зейнетақысы көтеріліп, қызметкерлердің жалақысы өсуде. Мұны Елбасы биылғы Жолдауында «Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық. 2017 жылы біздің ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды. 2018 жылдың қаңтар айында оған төрағалық етудеміз. Біз дүниежүзілік ЭКСПО мамандандырылған көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасындағы бірінші мемлекет болдық. Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқан нарықтық экономика моделі қалыптасты. 2017 жылы еліміз әлемдік дағдарыстың қолайсыз салдарын еңсеріп, сенімді өсу жолына қайта түсті», – деп, 30 елдің қатарына қосылу үшін бізде қажетті нәрсенің бәрі бар екенін айтты.
Сондай-ақ елімізде жұмыс істеп жатқан әр салада өсу, жаңару барын байқадық. Бірақ сонда да «көл-көсір мұнайдың дәуірі аяқталып келеді, бізге дамудың жаңа сапасы қажет» деді Президент. Ол сапа Жолдауда айқын көрініс тауып отыр. Елбасының көреген саясатымен сараланған биылғы Жолдауды толық қолдай отырып, көз алдыма дамыған жарқын елдің болашағын елестетемін. 2016-2017 жылдары зейнетақы мен жәрдемақы үш рет көбейгенін және әлеуметтік төлемдерді, соның ішінде зейнетақыны өсіру 3 миллионнан астам қазақстандықтың табыстарын көбейтетінін естідік. Елбасы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8 процентке артқанын, мүгедектерге, асыраушысынан айырылған және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған жәрдемақылар 16 процентке дейін өскенін, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа алғанда 1,8 есе көбейетінін жеткізді. Бұдан бөлек, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырғанын көрдік. Мұндай мол көмектің көрсетілетінін естіген әр қазақстандық Жолдауға қолдау білдіре отырып, көрсетілген міндеттерді жұмыла атқаруға барынша атсалысады деп ойлаймын. Өйткені, жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар. «Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінің барлығын толықтай орындайды» деп Елбасы тегін айтып отырған жоқ.
Біз облыстық және аудандық ішкі істер департаменті мен бөлімі қызметкерлерімен тығыз байланыста бірлесе отырып, мемлекеттік мерекелік іс-шараларды ғана атап өтіп қоймай, әлеуметтік жағдайы төмен, денсаулығы нашар ардагерлердің жағдайымен жіті танысып, оларға қаржылай және заттай қолдау көрсетіп келеміз. Алдағы уақытта Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді барша ардагерлер де бірлесе атқаруға күш жұмсайтынына сенімдімін. Себебі бізге ел дамуы жолында Елбасы айқындап берген міндеттерді орындау ғана қалып отыр. Ол үшін әрқайсымыз біріккен істе береке барын жүрекпен ұғынуымыз қажет.

Темірхан ЕСБЕРГЕНОВ,
аудандық ішкі істер бөлімі
ардагерлер ұйымының төрағасы

Мойынқұм ауданы

About admin

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>