Газ бағасы қымбаттады

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда сұйытылған газдың шекті көтерме бағасы тоннасына қосылған құн салығын (ҚҚС) есепке алмағанда 34,319 теңгеден 38,701 теңгеге дейін қымбаттады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жалпы, шекті бағаларын айқындау қағидаларында көрсетілгендей, сұйытылған газдың есеп айырысу бағасы тоннасына ҚҚС-сыз 52 538,27 теңгені құрауы керек. Алайда, министрлік қағидаларының 14-тармағына сәйкес 2014 жылы ішкі нарықтағы сұйытылған газдың құнын ең жоғары көтерме саудадағы шекті бағаны бекіткен деңгейінде ұстап отыр. Яғни тоннасы қосымша құн салығынсыз 38,701 теңге деңгейінде.
Қымбаттау әлемдік нарықтағы бағалардың өсуінен туындаған. Өйткені сұйытылған газдың көтерме бағасы халықаралық нарықтағы құнына тәуелді.
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Энергетика министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен келісім бойынша сұйытылған газға тоқсан сайын шекті көтерме бағаны, сондай-ақ газ желісі ұйымдары ұсынатын өтінімдер негізінде министрлік ай сайын сұйытылған газ беру жоспарын бекітеді. Ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдар жүргізген мониторинг бойынша ұсынылған деректерге сәйкес, Ақтөбе облысында бөлшек сауда бағасы литріне – 55, ал Маңғыстау облысында 52-65 теңгені құрап отыр. Қалған өңірлерде оның бағасының бөлшек саудада өсуі байқалмайды.
Энергетика министрлігі сұйытылған газ ішкі нарықты қамтамасыз ету және оның тапшылығын болдырмау үшін жан-жақты шаралар қабылдауда.

About admin

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>