Көшбасшы партияның көшелі ісі

Көшбасшы партияның көшелі ісі

 «Нұротандықтар» әрқашан саяси-қоғамдық оқиғалардың бел ортасынан табылатыны көпшілікке жақсы мәлім. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жыл ішінде мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын бақылауға алып, ауқымды жұмыстар атқарды. Бұл туралы Саяси кеңес бюросының отырысында айтылды.

Облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен өткен жиын марапаттау рәсімінен басталды. Саяси кеңестің мүшесі, «Асар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Руслан Төлегеновке Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасын салтанатты жағдайда тапсырған Кәрім Нәсбекұлы бұл марапаттың «нұротандықтардың» белсенді жүргізген жұмысының жемісі екенін атап айтты.
Бюро отырысында партияның облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Бақтияр Алдашов пен партиялық бақылау комиссиясы төрайымының орынбасары Бақыт Әлмұратовтың есептері тыңдалып, атқарылған жұмыстарға баға берілді. Сондай-ақ аймақтық филиалдың 2018 жылдың І жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары, партияның облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясы мүшелері өткізетін қоғамдық қабылдаулардың кестесі, «нұротандықтардың» ақпараттық тобының құрамы мен жылдық бюджеті бекітілді.
Жалпы аталған қоғамдық кеңес пен партиялық бақылау комиссиясының мәліметтерінен «нұротандықтардың» өңірдегі көптеген ірі форматтағы қоғамдық-саяси шаралар өткізуге бастамашылдық жасап, өзінің белсенді позициясын сақтағанын байқауға болады. Бұл – «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы 2017 жылды табысты аяқтағанының айқын көрінісі. Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев осыған тоқталды.
– Партия филиалдары мен оның бастауыш партия ұйымдары Елбасының Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын облыс жұртшылығы арасында кеңінен насихаттау жұмыстарына қатысуда ерекше белсенділік танытты. Сонымен қатар облыстың партия филиалдары өңір тұрғындарының Астана қаласында өткен «ЕХРО» халықаралық көрмесін тамашалауға баруға үлкен ықпал ете білгендігін айрықша атап өткім келеді. Сондай-ақ ағымдағы жылдың 26 наурызы мен 29 қазанында жергілікті мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды да ұйымшылдықпен өткізді. Біздің облыстан сайланған мәслихат депутаттарының барлығы партиялық кадрлық резервтен іріктеліп алынды, – дей келе Кәрім Нәсбекұлы жыл сайынғы дәстүрлі «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауында Қордай аудандық филиалының «Масаншы» бастауыш партия ұйымы 3-орынға ие болғанын атап өтті.
«Нұротандықтарға» алдағы уақытта да осылай қарқынды жұмыс жүргізуді тапсырған өңір басшысы келер жылдың партия филиалдары үшін жауапты кезең екенін еске салды. «2018 жылы – облыс партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары мен конференциялары өтеді. Оған дайындық жұмыстарын бүгіннен бастау қажет», – деген Кәрім Көкірекбаев партияның облыстық филиалы Саяси кеңесі бюро жұмысына тың серпін беріп, партия жұмысының саяси мәртебесін жаңа биіктерге көтеретініне сенім білдірді.

 Ардақ Үсейінова

Суретті түсірген
Ақәділ Рысмахан.

About admin

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>