Армандар орындалады

Армандар орындалады

09e588c8-9302-46ec-89f6-e59917381f41 95bcf34d-4903-4b1b-aeb3-a8d82beee8a5 e8f221cc-0e09-4e77-9bdd-f43e96014dd5Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Тілектер шыршасы» қайырымдылық акциясы көпшілікке қозғау салды. Облыс орталығындағы Smаll, Damdes, Smart сауда супермаркеттеріне қойылған шыршаларға Тараз қалалық білім бөлімі шаһардағы барлық мектептерден әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасының балаларының тілегін іліп, тұрғындарды акцияға қатысуға шақырған еді.

Жаңа жылды балғындар ғажайыптар орын алатын ерекше мереке санайды. Әрине, Аяз атаның барына сенбесе де, олардың бұл мейрамда аға буынға айтар тілегі деп көп. Міне, сол тілектер шыршаларға ілініпті.Жеткіншектердің көкейіндегі арманын біліп, тілегін орындауға асыққандардың қатарында облыстық «Ақ жол» газетінің ұжымы да бар. Газет редакторы Қуат Әуесбай бастаған редакция қызметкерлері Smаll супермаркетіндегі «Тілектер шыршасына» ілінген үш балғынның қандай тілегі барын біліп, мереке қарсаңында армандаған сыйлықтарын тарту етті. «Менің де велосипедім болса» деп армандап жүрген Ділмұхамед Омаровтың, «планшет алсам, оқуды 5-ке оқимын» деген Рустам Амангелдінің, қуыршақ сұраған Айнұр Рахымбердинаның арманын орындап, күткен сыйлығын әперді.

Ардақ Үсейінова.

About admin

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>