«Астана» Ресейде жеңілді

«Астана» Ресейде жеңілді

ВТБ бірегей лигасында сынға түсіп жатқан «Астана» баскетболшылары кезекті ойынын Ресейде жергілікті «ЦСКА» командасына қарсы өткізді. Тәжірибесі мол «ЦСКА» бұл ойында өздерінің басымдықтарын байқата білді.
Ойынның алғашқы ширегі тартысқа толы жағдайда өтті. Қос команда алма-кезек шабуылмен алмасып жатты. Әйткенмен, «Астана» баскетбол клубының шеберлері кейбір сәттерде мүлт кетті. Ұрымтал тұстарды ұтымды пайдалана алмаған қазақстандық баскетболшылар бірінші кезеңде 21:16 есебімен қарсыластарына жол берді. Екінші он минуттықта да алаң қожайындарының басымдығы байқалып тұрды. Өз мүмкіндіктерін мейлінше тиімді пайдаланған олар бұл кезеңде де бес ұпай айырмашылығымен жеңіске жетіп, есеп айырмасын 10 ұпайға ұлғайтты.
«Астана» баскетбол клубының ойыншылары үшінші ширекте ширақ қимылдады. Дегенмен өз алаңында қай қарсыласты болсын ұзатып қоймайтын «ЦСКА» командасы кезең соңына дейін ұпай айырмасын қысқартты. Үшінші кезеңнің есебі – 17:18. «Астананың» пайдасында. Шешуші он минуттықта «ЦСКА» 22:15 есебімен басымдық танытты. Ойын қорытындысында 79:63 есебімен жеңіске жеткен «ЦСКА» ойыншылары өздерінің шын мықты екендіктерін әйгілей білді. «Астана» сапынан Джастин Картер жақсы ойынымен көзге түскенін де айта кеткен жөн.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

About admin

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>