Жуалылық жайдарманшылар  Сочиде өнер көрсетеді

Жуалылық жайдарманшылар Сочиде өнер көрсетеді

Елордадан ақжолтай хабар келіп жетті. «Қазмедиа» орталығында өткен «Жастардың әзіл-оспақ шоуы» сайысының финалдық кезеңіне қатысқан «Хочу в Жамбул» командасы астарлы әзіл, ұтымды ойларымен қазылар алқасын қайран қалдырып, жеңістің биік тұғырынан көрінді. Қатарынан оза шапқан жерлестеріміз кубокті қанжығаға байлады.

Ақтық сынға тыңғылықты дайын­дықпен шыққан «Хочу в Жамбул» құрамасына Астана және Шығыс Қазақстан облысының командалары лайықты қарсылас бола білді. Алайда өнерлі жігіттеріміз талғампаз жұрттың көкейіндегісін тап басып, көңілдерін көтерді. Астанаға турист ретінде емес, жеңіске жету үшін келгендерін айқын аңғартты. Осылайша мерейі үстем болды.
Таңдаулы құрамалар қатысқан тартысқа толы бәсекеде жеңіске жеткен жуалылық жігіттердің алар асулары алда екені анық. Елордадан еңсесін тіктеп оралған «Хочу в Жамбул» командасы мүшелерінің ендігі мақсаты – Ресейдің Сочи қаласында өтетін жайдарманшылар фестивалінде жасындай жарқырау. Қаңтарда Сочиге аттанатын жерлестерімізге шабыт тілеп, сәттілік серік болсын дейміз!

Есен ӨТЕУЛИЕВ,
журналист.

Жуалы ауданы.

About admin

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>