Естеліктерімен бөлісті

Естеліктерімен бөлісті

Жерлесіміз, жазушы Оспанәлі Иманалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай өзі туып-өскен Талас ауданының Ақкөл ауылынан бастау алған мерейтойлық шара Жамбыл атындағы облыстық «Руханият» орталығында одан әрі жалғасты. Бұл күні мұнда ауылдас, ағайын, бауырлары, отбасы мүшелері, әдебиет жанашырлары көптеп жиналды. Іс-шара барысында қаламгер туралы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген «Оспанәлі Иманәлиев» атты естеліктер кітабының тұсауын Осағаңның жары Раушан апай мен жазушы-драматург Елен Әлімжан кесті.

Жалпы О. Иманалиев – әдебиеттің сатира, поэзия және проза секілді үш бірдей жанрында қалам тербеп, өнікті еңбек еткен туындыгер. Жиырмадан астам өлең, әңгімелер жинақтары жарық көріп, оның ішінде «Байқадам», «Ылғалсыз көктем», «Ақ қайың жарды бүршігін» атты повесть, романдары оқырмандар тарапынан жылы қабылданған. Аталған басқосуда жазушының өмірі мен шығармашылығы жөнінде кезінде өзімен бірге қызмет етіп, жақын-жуық араласқан, Талас ауданында басшылық қызметтер атқарған Балтабай Бекежанов, Есенаман Бейсеуов, Қаржаубай Кемелов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Болат Бекжан, Тараз қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Қаржаубай Бекболатов, Тараз қалалық №1 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінің директоры Өмен Байшығашев, Ақкөл ауылдық округінің әкімі Асқар Қуаныш, еңбек ардагері Тұрғанбай Тәжібеков, журналистер Әскербек Құйқабаев, Қамбар Қойшыбаев, Жаңабай Миллионов, сондай-ақ жазушының қарындасы Аманкүл Дәулетәліқызы, інісі Жексен Құрманәліұлы тағы басқалары тебірене сыр толғап, естеліктерімен бөлісті.
Ақкөл ауылдық Мәдениет үйінің өнерпаздары ақын өлеңдерін жатқа айтып, кешті әнмен өрнектеп отырды. Еске алу кеші қатысушылардың Осағаңның сөзіне жазылған Е.Хасанғалиевтің «Анаға сәлем» әнін қосыла орындауымен түйінделді.

Баймаханбет АХМЕТ

About admin

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>