Жалғас жарады

Жалғас жарады

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасының шеңберінде облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мен «Жібек жолы жастары» волонтерлер қозғалысы бірлесіп, жастар арасында облыстық «Атамекен» ұйымаралық патриоттық ән байқауын ұйым­дастырды.

Тараз химия-техноло­гиялық колледжінде өткен шараны облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Талғат Шайхиев ашып, талапкерлерге сәттілік тіледі. Студенттік ұйымаралық байқауға Тараз қаласындағы 6 жоғары және арнаулы оқу орындарының әншілері қатысты. Байқаудың талабына сәйкес өнерпаздар патриоттық әндерді шырқады.
Байқау қорытын­дысы бойынша «Болашақ» колледжінің «Шаңырақ» клубының мүшесі Жалғас Әміре жеңімпаз атанды. Жалғас шырқаған әндер жүректен-жүрекке жетіп, көңілді баурады.
Жүлделі екінші орынды Жамбыл медициналық колледжінің «Жібек жолы жастары» волонтерлік қозғалысының мүшесі Салтанат Серікова иеленсе, жүлделі үшінші орынға Жамбыл медициналық колледжінің студенті Ділнұр Перзентбай лайық деп танылды. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Есет ДОСАЛЫ

About admin

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>