Қараойда жаңа мектеп

Кеше Қараой ауылының тұрғындарының, әсіресе білім нәрімен сусындап жүрген оқушылардың көптен күткен қуанышы орындалып, Бірлестік орта мектебінің ашылу салтанаты өтті. Мектеп алаңына жиналған жұртшылық пен мектеп ұстаздарын және сап түзеген оқушыларды жаңа нысанның ашылуымен облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов құттықтады.

– Елбасының тапсырмасымен елімізде білім сапасын әлемдік стандартқа жеткізу, әрі мектептердің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту үшін, апатты жағдайдағы білім ордаларының санын азайту мақсатында жаңа оқу орындарын салу ісі қарқынды жүргізілуде. Биыл осы мақсатта облыс бойынша 6 миллиард теңге қаржы қаралып, оған 20 мектеп салу жоспарланса, міне соның бірі ретінде 50 оқушыға арналған Бірлестік орта мектебінің ғимараты салынып, оқушылардың игілігіне ұсынылып отыр. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын таба бермек, – Е.Нұрбапаұлы деді.
Жиналғандарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтаған Қараой ауылының тұрғыны, ардагер-ұстаз Қ.Жолмахамбетов елдің әлеуметтік мәселесін шешудегі Елбасының қамқорлығына шын жүректен алғысын айтты. Заманауи үлгіде салынған білім ордасының қабырғасынан Отанын сүйген, Мәңгілік Ел орнатуға белсене қатысатын ұрпақтардың тәрбиеленетіндігіне сенім білдірді.
Құттықтаулардан кейін алқызыл лента қиылып облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуов пен аудан әкімі Д.Әлиев және ата-аналар мектептің ішін аралап көрді. Ондағы сынып бөлмелерінің, спорт залының, акт залының, әсіресе рухани жаңғыру бөлмесінің жарақтандырылуына көңілдері толды. Мектепте 80-нен астам оқушы білім алады. Жобалық-сметалық құны 311 миллион теңгеге бағаланған мектеп құрылысы сапалы жүргізілген.

Сәулембай Әбсадықұлы
Қараой ауылы,
Талас ауданы.

About admin

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>