Ауылына қарап, азаматын таны

Елбасының «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы барша қазақстандықтармен бірге меркіліктерге де үлкен серпін сыйлаған болатын. мақаладан туындаған міндеттер аясында әр ауылда, әр мекемеде түрлі шаралар өткізілуде. тұңғыш президент күніне арналған мерекелік іс-шаралардың да осы бағдарламаны арқау етуі бекер емес. себебі, бұл – ұлт көшбасшысының елдік мүддені көздеген елеулі еңбегі.

DSC_0057 DSC_0087Сондай шараның бірі – Тәтті ауылдық округіндегі Ақ жол ауылында өтті. Оған осы ауылда туып-өскен, қазір еліміздің әр түкпірінде сан салада қызметте жүрген қызметкерлер мен кәсіпкерлер шақырылды. Ердің азаматтығы атқарған ісінен көрінеді емес пе?

Түлектер 1,5 миллион теңгені ауылды көркейтуге жұмсады.
Атап айтқанда, Асылхан Мұстахметов пен Жаңғали Спанқұлов өздері білім алған мектеп ауласына көгеріштендіріп, көріктендіруге 140 мың теңге жұмсап, су құдығын қаздырып, іске қосты. Сол секілді «Жылыбұлақ» серіктестігінің директоры Аманжол Әкетаев 250 мың теңгеге ауыл кітапханасына жаңа әдеби кітаптар тарту етсе, тағы 250 мың теңгеге «Тянь-Шань» шыршасы, «Туя» тұқымды сәндік ағаштар әкеліп, оқушылармен бірге мектеп ауласына отырғызып, жастарға өз ісімен үлгі көрсетті.

Таразда тұратын кәсіпкер Жеңіс Мұсабаев 200 мың теңгеге барлық сыныптың терезелеріне жаңа перделер сатып алып берді. Ербол Сейтжан, Нұрсайын Асылбаев, Жұман Өмірбаев, Қабылбек Көбегенов, Жұмахан Сихаұлы 180 мың теңгеге аз қамтылған отбасыдан шыққан 7 оқушыны қыстық киімдермен қамтамасыз етті. Азаматтардың демеушілігімен ауылдық клубтың сахнасы жаңа шымылдықпен жабылып, өзгеше реңге ие болды. Сондай-ақ, ауыл мектебіне 420 мың теңгеге музыкалық аппарат тарту етілді.

Азаматтардың елге келіп жасаған елеулі ісіне көпшілік те дән риза. Ауыл ақсақалдары оларға ақ баталарын беріп, аудан әкімінің орынбасары Марат Қасым туған ауылын көркейтуге үлес қосқан жерлестеріне алғыс айтты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының мән-маңызына тоқталып, мұндай игі шараның басқа ауылдарда да жалғаса беретініне сенім білдірді.
Мектепте өткен кездесуге қатысқан қонақтар өздерінің жеткен жетістіктері туралы ауылдағы қамсыз балалық шақтары туралы қызықты естеліктерін тілге тиек етіп. тағлымды әңгімелер айтты. Жас жеткіншектерге ақыл-кеңестерін беріп, терең білім алуға шақырды. Бұрынғыдай емес, қазіргі кезеңде заман өзгергенін, жақсы оқып жоғары білім алуға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалынып жатқанын алға тартты. Жиын соңында осы ауылдың тумасы, бүгінде түрлі қызметтерде жүрген Бақытхан Жаханұлының жазған өлеңін оқушылар жатқа оқып, ән айтып тарқасты. Қайда жүрсе де туған жерін ұмытпай, ауылын өркендетуге үлес қосуға ұмтылып жүретін азаматтарға ақжолдықтар да сый-құрмет көрсетті.

Серік құралбай,
«Ақ жол».

Ақ жол ауылы,
Меркі ауданы.

Суреттерді түсірген
Еркін Жасыбай.

About admin

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>