«Астана» «Енисейден» айласын асырды

«Астана» баскетболшылары ВТБ лигасында кезекті ойынын өткізіп, бұл жолы жанкүйерлерін жарқын мәнердегі жеңіспен қуантты. Ресейдің «Енисей» командасын қабылдаған «Астана» баскетболшылары жеңіске деген құштарлықтың тамаша үлгісін көрсете білді.
Ойын бастала салысымен әр шабуылын нәтижелі түйіндеуге талпынған қазақстандық команданың ойын өрнегі көңілдерде үміт отын маздатты. Қорғаныста сауатты ойнап, ұпай қорын молайта түскен «Астананың» жеңіске жететініне сенім мол болды. Әр ширекте өзіне тиесілі ұпайды еншілей білген қазақстандық команда Красноярск қаласынан келген қарсыластарын кәдімгідей састырды. Алайда, «Енисей» баскетболшылары да оңай шағыла салатын жаңғақ емес екендіктерін көрсетіп, соңғы сәтке дейін қарсыласып бақты.
«Енисей» ұпай айырмасын барынша қысқартуға тырысқанымен онысынан түк өнген жоқ. Қарсылас команданы әбден тығырыққа тіреген «Астана» баскетболшылары 92:75 есебімен басым түсіп, жанкүйерлерін желпіндіріп тастады. Өз алаңында қажетті ұпайды қоржынға салған «Астана» баскетболшыларының алдағы ойындарда да жеңісті жорығын жалғастыратынына сенім зор.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

About admin

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>