Өміршең өнердің өрелі тойы

облыстық орыс драма театрының жарты ғасырлық  мерейтойы аталып өтті

IMG_1992 IMG_1950Облыстық орыс драма театры өзінің құрылғанына елу жыл толуын салтанатты түрде атап өтті. Өнер ордасының жарты ғасырлық мерейтойының кең көлемде тойлануына облыс әкімдігі және облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйытқы болды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткен театр мерекесі екі күнге созылып, алғашқы күні қала тұрғындары мен қонақтарына арналып П. Мэрименің «Кармен» атты трагедиялық қойылымы ұсынылса, келесі күні мерейтойлық шаралар одан әрі жалғасын тапты.
Бұл күні театр ғимаратының кіре беріс ауласы, фоэсі бәрі-бәрі мерекелік көңіл-күйде безендіріліпті. Мәртебелі меймандар мен театрсүйер көрермендерді ыстық ықыласпен қарсы алған ұжым «Балауса» циркі, «Ложкари» атты мектеп оқушыларынан құрылған ансамбльдің өнерін тамашалатып, жиналғандарға әдемі әсер сыйлады. Арнайы әзірленген көрмеге де қызығушылық танытқандар көп болды.
Салтанатты шара «50 жылдан бері біргеміз» атты деректі фильмнің көрсетілімімен басталды. Онда театр ұжымының тарихы, театрдың құрылуына септігін тигізген директорлар, режиссерлер, әртістер туралы жан-жақты баяндалған. Туынды залға жиналған көпшіліктің көңілінен шықты. Театр өмір айнасы ғана емес, ол қайнаған қазан тәрізді. Онда 15 мамандықты бір арнаға тоғыстырған өмір бар. Бұдан соң театр әртістері ұжым репертуарындағы қойылымдардардың үзінділерінен құралған композияцияны сахналап, шынайы өнердің қыр-сырына бойлатты. Түрлі бағыттағы ән-билер орындалып көпшілікті серпілтіп тастады. Бекзат өнерге аңсары ауған ел қошеметін аямады.
Мерекелік шарада облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов сөз алып, ұжымды мерейтойымен құттықтап, театр өнерінің өміршеңдігіне, репертуардағы әрбір спектакльдің көрермен үшін айрықша әсер ететініне, бекзада өнердің туы әрдайым биікте болатынына тоқталды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі Гульнафиз Мырзашева, театр өнерінің корифейі Тұңғышбай Жаманқұлов, облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев және өзге де қонақтар сахнаға көтеріліп, құттықтауларын жеткізіп, ізгі лебіздерін білдіріп, сый-сыяпаттарын жасап жатты. Бірқатар, театр әртістері мен ұжым мүшелері түрлі марапаттар мен Алғыс хаттарға ие болып, мерейлері тасыды. Өнер ордасының тарихы, жеткен жетістіктері мен атқарған жұмыстары туралы баяндалған жаңа кітаптың тұсауы кесіліп, келушілерге таратылды.

Жанғазы АХМЕТ,
«Ақ жол».

Суреттерді түсірген
Ақәділ Рысмахан.

About admin

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>