«АҚ ЖОЛДЫҢ» ОРНЫ ЕРЕКШЕ

Олжабек Қосубаев,
Ақтоған ауылдық округінің әкімі.

Мен өз жұмысымды, шынын айтсам, баспасөзбен танысудан бастаймын. Республика, облыс, аудан көлемінде болып жатқан жаңалықтарға қанығып, Елбасы бастамасымен қолға алынып жатқан түрлі бастамаларды үнемі біліп, қадағалап отыру кез келген мемлекеттік қызметшінің міндеті деп білемін. Сондықтан, қоғамдық-саяси басылымдарға үнемі жазылып, одан қол үзбеген абзал.
Сондай көптеген басылымдардың ішінде облыстық «Ақ жол» газетінің алатын орны мен үшін ерекше. Өз газетімізден өңірде, республикада болып жатқан жаңалықтармен, айтулы істермен, оңды тәжірибелермен жедел танысасың, ой бөлісесің, пікір алмасасың.
Әсіресе, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттердің жүзеге асырылуы, осы бағытта атқарылар жұмыстар «Ақ жолда» барынша егжей-тегжейлі, жан-жақты беріліп келеді. Мақаланың негізгі, түпкі мәнін ұғынып, оның елдің болашағы мен ұлт болмысы үшін қаншалықты маңызды екенін елге түсіндіріп, барынша кеңінен насихаттауға бұл басылымның сіңіріп отырған еңбегі ерен.
Сол мақсатта облыс көлемінде өткізіліп жатқан түрлі деңгейдегі іс-шаралардан ақпарат беруден бастап, ғалымдар мен әр сала мамандарының зерттеу, талдау-сараптамалық мақалаларына дейін «Ақ жолдың» бетінен табылып жатыр.
Газеттің қашанда бет-бейнесімен, безендірілуімен, материалдарының сан-салалылығы мен алуан түрлілігімен айрықша екенін мойындамасқа болмайды.
Бүгінде түрлі тақырыпта қалам тербеп, жан-жақты мақалалар беріп жүрген «Ақ жолда» алдағы уақытта ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік тақырыптарында да арнайы айдарлар мен беттер ашылса деген тілегім бар. Сол беттер арқылы өз кәсібін ашып, дөңгелетемін деген азаматтарға ақыл-кеңес беріліп тұрса құба-құп болар еді.
Ал өзіме «Шөкеңнің шошаласы» атты арнайы әзіл-ысқақ беті қатты ұнайды. Әдемі әзіл мен астарлы сынға құрылған бұл беттің де оқырмандары көп.
«Ақ жолға» жазылайық, ағайын!
Меркі ауданы.

About admin

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>