Экономикамыз тұрақты дамып келеді

Экономикамыз тұрақты дамып келеді

c0831e370b5ef1f9a7a74d410ee444b1Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады.
Мемлекет басшысы кездесу барысында Үкіметтің жыл басынан бері атқарып жатқан жұмыстарының нәтижелеріне тоқталып, экономиканың түрлі секторындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды одан әрі сапалы іске асырудың маңыздылығына назар аударды.
– Жыл аяқталып келеді. Осы уақыт ішінде көп жұмыс атқарылды. Біз ЭКСПО көрмесін, Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитін өткіздік. Басқа да салалардағы жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Жалпы, экономикамыз тұрақты дамып келеді, – деді Елбасы.
Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Президентіне биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары жөнінде баяндап, бірнеше көрсеткіштер мен индикаторлар бойынша оң өзгеріс бар екенін атап өтті.
– Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім 4 пайызға өсті. Барлық 6 сала бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикаторлардың оң өсімі байқалуда. Сондай-ақ, жыл соңына дейін еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған жобаларды іске асыру арқылы жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деген ойдамыз, – деді Премьер-Министр.
Бұдан бөлек, Бақытжан Сағынтаев Нұрсұлтан Назарбаевты жалпы капиталға салынған инвестиция көлемі 6,5 пайызға өскені жөнінде хабардар етті. Премьер-Министр бұл индикатор бойынша негізгі өсім ел экономикасына тартылған жеке инвестициялар көлемінің артуы есебінен болып отырғанын айтты.
Соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

About admin

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>