“Әлем аруы” байқауына қатысып жатқан моңғолиялық қыз Желі қолданушыларын баурап алды “Әлем аруы” байқауына қатысып жатқан моңғолиялық қыз Желі қолданушыларын баурап алды

“Әлем аруы-2017″ байқауына Моңғолияның атынан шыққан аруының видео таныстырылымы Желіде вирусты болды. 24 жастағы Цэвээндашийн Энхжин видеода көшпенді өмір, салт-дәстүр, моңғолдардың тұрмыс-тіршілігі және моңғолиялық табиғаттың сұлулығы жайлы айтады. Қазірдің өзінде видео 75 мың рет қаралған. Салыстырмалы түрде – басқа қыздардың видеосы он мыңнан аспаған.   Энхжиннің кәсібі – дизайнер. Ол Кембридж университетінің өнер тарихы факультетін тәмамдаған. Қазіргі уақытта қыз бала Eden Design компаниясының басшысы.  Еске салайық, ”Әлем аруы-2017″ байқауы 18 өарашада қытайлық Санья қаласында өтеді. Қазақстаннан бұл байқауға “Қазақстан аруы-2016″ байқауының жеңімпазы қызылордалық Гүлбану Әзімхан қатысады. Ол медициналық колледжде “медбике” мамандығын тәмамдады.

ақпарат көзі tengrinews.kz

About admin

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>