Қырғызстанда президент сайлауы өтіп жатыр

Қырғыз Республикасында президент сайлауын жүргізетін сайлау учаскелері өз жұмысын бастады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, президент сайлауы бүгін, 15 қазанда сағат 8.00 мен 20.00 аралығында өтеді. Сайлауға  11 үміткер қатысып отыр: Эрнис Зарлыков, Токтоайым Уметалиева, Темир Сариев, Улукбек Кочкоров, Таалатбек Масадыков, Омурбек Бабанов, Арстанбек Абдылдаев, Азимбек Бекназаров, Сооронбай Жээнбеков, Адахан Мадумаров пен Арсланбек Малиев. Республика бойынша 2 375 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр, оның 234-і — Бішкекте. Сағат 20.00-ден кейін бюллетендер саналып, сайлаушылардың даусы саналады. Сағат 21.00-ге дейін сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялау жоспарланып отыр. Айта кетейік, нәтиже Қырғыз Республиксы Орталық Сайлау комиссиясының ресми сайтында жарияланады. Қырғыз Республикасы президенті 2017 жылдың 4 қарашасына дейін анықталады. Еске сала кетейік, осыған дейін 12 қазаннан бастап Бішкектегі ішкі істер органдарының барлық құрамының күшейтілген режимге өткені хабарланған болатын.

 

 
f9994478ed8b1c08e919939ab24f6cf6 f53780cf09facea70d2388cf6ba4839f 75bddbe9a71896ce2567be8688a8adaa 14cb2e4431a19ad9ef0abdf11ea4fe3a

ақпарат көзі tengrinews.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>