Саулығыңыз өзіңіздің белсенділігіңізге байланысты

Жыл сайын суық түсісімен тұмау және басқа да жедел респираторлық вирустық жұқпалы аурулар маусымы келеді. Тұмау, аурудың қауіпсіз көрінетін келбеті мен салыстырмалы төмен көрсеткішіне қарамастан, әлемдегі денсаулық сақтау саласының ең өзекті мәселелерінің бірі болып қалуда. Тұмау вирусы адамды иммунды жүйесі дайын емес өзгерістерге ұшыратады. Тарихта кейбір мәліметтер бойынша 50 миллионнан астам адамның өмірін алып кеткен 1918 жылғы «испанка» тұмауының эпидемиясы үрейлі із қалдырды. Фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуымен, вирусқа қарсы тиімді препараттардың, тұмауға қарсы вакцинаның болуымен қазіргі заманда тұмаудың эпидемиялары осындай қасіретті өлшемдерге дейін жетпейді, бірақ халықтың жалпы сырқаттанушылығында жетекші орындардың бірін иеленеді.
Тұмау асқынуларының қауіптілігінен тұмаудың профилактикасы, яғни, оның алдын алу шаралары үлкен мәнге ие болады. Тұмаудың ең тиімді алдын алу әдісі – екпе салдырту. Өңірімізде жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа жыл сайын тұмауға қарсы вакцина сатып алынып, қауіп-қатер тобындағы тұлғалар ақысыз түрде екпемен қамтылады. Оның ішінде мектепке дейінгі балалар, балалар үйлері мен интернат үйінің тәрбиеленушілері, қарттар мен мүгедектер бар. Одан басқа облыс халқының бөлігі жұмыс берушінің қаражатына және облыс емханаларының ақылы екпе бөлмелерінде егілуде. Өткен маусымда халықтың 9,0 пайызы екпемен қамтылған.
Бұл науқастың алдын алудың және жеке бас тазалығын сақтаудың ережелері қарапайым. Мәселен, мүмкін болса халықтың көп жиналатын орындарынан аулақ жүру (жоламау), осындай орындарға барғанда жеке сақтық шараларын қабылдаңыз, яғни бір реттік бетперде немесе респиратор киіңіз. Қолды сабындап жуыңыз. Ауырғанда үйде қалып, дәрігер шақырту қажет. Бөлмелердің ауасын жиі ауыстырып отырыңыз. Жаттығулар, жүгіру, шынығудың көмегімен денсаулығыңызды күшейтіп, «С» дәруменінің көмегімен ағзаңыздың қарсы тұру қабілетін жақсартыңыз. Жөтелгенде, түшкіргенде және сіңбіргенде орамалды пайдаланыңыз, орамал жоқта шынтақ буынының иініне түшкіріп, жөтелген жөндірек, себебі ауыз, мұрныңызды алақандарыңызбен жапқанда, Сіз ауру қоздырғыштарын қолыңызда қалдырып әрі қарай қол тигізген заттарыңызда қалдырасыз. Басқа адамдармен сәлемдескенде, қол алыспай және сүйіспей амандасуға тырысыңыз. Алдын алудың медициналық зат-құралдарын дәрігердің тағайындауымен пайдаланыңыз. Жұмыртқа мен құс етін жеткілікті жылулық өңдеуден өткізілген күйінде ғана тұтыныңыз. Сырт елге шыққан сапарларыңызда құс базарларынан аулақ жүріңіз.
Ауырмаңыз, деніңіз сау болсын, өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын күтіңіз!

Нұргүл Сапарбаева,
облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас маманы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>