Республикалық байқауға іріктеу басталды

«Нұр Отан» партиясы еліміздегі белді де, беделді саяси ұйым ретінде бағаланады. Партияның жарқын жұмыстарының негізі бастауыш ұйымдардан бастау алатыны анық. Сондықтан, бұл буынның еңбегін бағалау естен шыққан емес. Республикалық «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының Тараз қалалық іріктеуі «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында өтті.
Байқаудың шарты бойынша әр бастауыш партия ұйымының жетекшісі атқарған жұмыстарын слайдпен көрсете отырып, баяндайды. Сондай-ақ, қазылар алқасына арнайы альбом дайындап, жүзеге асқан жұмыстарының қысқаша мәліметін де ұсынады.
Бірінші болып «Ұлан» бастауыш партия ұйымының төрайымы Эльмира Абдинова жұмысын қорғады. Бұл партия ұйымы соңғы кезде 5 жаңа әдіс қолданып, 3 рет қайырымдылық жүргізген. Жемқорлықпен күресуде де көш бастап, жарнаны да толық төлеп отыр. 284 мүшесі бар ұйымның жұмысы қазылар тарапынан оң бағаланды.
561 мүшесі бар «Озат» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қайрат Жетібаевтың да атқарған жұмысы жетерлік екен. 3 рет қоғамдық қабылдау өткізіп, көтерілген 23 мәселенің 20-ын оң шешіпті. «Сәтті қадам» бағдарламасы бойынша 3 адам жұмысқа жаңадан қабылданып, бірнеше қайырымдылық шаралары өткізілген. Бұл ұйымның жұмысы да қазылар тарапынан қолдауға ие болды.
262 мүшесі бар «Алау» бастауыш партия ұйымы төрайымының орынбасары Ләззат Қуанышбекова қоғамдық қабылдауларда барлық мәселенің шешімін тапқанын, 4 мәрте қайырымдылық шарасы өткенін, қарттар үйіне бару, мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау жұмыстары да жоғары деңгейде жүріп жатқанын слайд арқылы көрсетіп, айтып өтті. «Жан дауа» бастауыш партия ұйымының төрағасы Бауыржан Сандыбаевтың да жүйелі жұмыс жүргізуге ынтасы бар екен. Бұл ұйымдарға да қазылар алқасы оң баға берді.
Іс-шара соңында байқау комиссиясының төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбек байқау қорытындысы комиссияның талқылауынан кейін мәлім болатынын, үздік 3 бастауыш ұйым облыстық іріктеу байқауына жолдама алатынын айтты.

Есет ДОСАЛЫ,
«Ақ жол».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>