Cыртқы істер министрін қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты қабылдады.
Мемлекет басшысына Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы қызметі туралы мәлімделіп, бірқатар халықаралық іс-шараларды өткізу қорытындысы жөнінде есеп берілді.
Сыртқы істер министрі Елбасына БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-сессиясына қатысуының нәтижелері жөнінде баяндап, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етуіміздің негізгі басымдықтары туралы айтты.
Сондай-ақ, Сыртқы істер министрі Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіндегі ынтымақтастығының негізгі бағыттарына тоқталып, осы ұйымға мүше елдердің барлығы Қазақстан Президентінің Сириядағы қақтығысты реттеуге бағытталған бітімгерлік бастамасына оң баға беріп отырғанын атап өтті.
Бұдан бөлек, Қайрат Әбдірахманов Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің сыртқы істер министрлері биылғы қыркүйекте Астанада өткен осы ұйымның ғылым және технологиялар жөніндегі саммитінің нәтижелерін жоғары бағалайтынын ерекше атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>