«Астана» – ширек финалда

Өткен аптада Қытайдың Ченьчжоу қаласында баскетболдан Азия чемпиондар кубогының топтық кезеңі басталған болатын. Дода Азияның клубтық деңгейдегі басты жарыстарының бірі саналады. Бұл сында ел намысын «Астана» баскетбол клубы бірнеше жылдан бері абыроймен қорғап келеді. Кілең мықтылар ғана қатарынан оза шауып, қара үзіп шығатын айтулы аламанда қазақстандық команда көңіл қуантарлық нәтижелерге қол жеткізуде.
«Астана» баскетбол­­шылары алғашқы кездесуінде филиппиндік командаға күтпеген жерден есе жібергеніне қарамастан, әрі қарай дер кезінде ес жиып үлгерді. Қарсыластарының қарымын сезген отандастарымыз қалған ойындарында білгендерінен жаңылмауға тырысты. Екінші ойында доданың басты фавориттерінің біріне телінген ирандық «Петрочимиге» қарсы паркетке шыққан отандастарымыз өте сауатты ойын үлгісін көрсетіп, қарсыластарынан 66:65 есебімен басым түсіп, алғашқы жеңістеріне қол жеткізді.
Шешуші сәтте Тайландтың «Моно Вампир» командасын 85:66 есебімен жеңген «Астана» баскетболшылары үмітті ақтады. Осылайша өз тобында жақсы нәтиже көрсете білген «Астана» баскетболшылары топтық кезеңнен іркілмей өтіп, ширек финалға жолдама алды. Алда қиын қарсыластар тосып тұрғаны талас тудырмайды. Ал біз «Астана» баскетболшыларына тек сәттілік тілейміз.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>