Таутұлға

Қаһарлы – қалып, ордалы ойлары бекем,
Жанына сірә, жуытпас жайларды бөтен.
Қаламды – қару, семсер ғып сілтеген сөзді,
наркескен – шерхан туғаннан айбарлы екен.

Сынбадың, сынға салса да тағдырың тарпаң,
Шыңға өрлеп шықтың, болған соң Хақ нұры қалқан.
Сексен бес жасқа сен толып, шаттанып Алаш,
Байғазы сұрап жатыр ғой бақ толы әр таң…

Намысқа қайрап ұшталса қаламның ұшы,
Дарымай қайтсін, қаламға даламның мысы.
Жүректе тұнса тұмса сыр, тұлғаңа біткен
Абадан туған кешегі бабамның сұсы.
Шайырдың ғазал – шашуы, жасқанам несін,
алдаспан аға зау биік басқадан сесің.
Дауыл жандардың бірісің, құлатпай жүрген
Бауыржандардың кешегі бастаған көшін.

Ұяттың уын бүркіп кіл қастарға затың,
Өшпейтін өршіл өріліп тастарда хатың.
Бірін де пәстің елемей, Алатау сынды
Тіріңде шүкір, барады аспандап атың!

Сынбаған, сынға салса да тағдыры тарпаң,
Халықтың ұлы өзіңсің, Хақ нұры – қалқан.
Сексен бес жасқа сен толып, шаттанып Алаш
Байғазы сұрап жатыр ғой бақ толы әр таң…

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>