Ақмола облысында жерге қатты қонған Ми-2 тікұшағы: Экипаж мүшелері оңбай күйіп қалған

Ақмола облысындағы Ақкөл ауданында Ми-2 тікұшағы жерге қатты құлаған кезде үш адам зардап шеккен, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақкөл аудандық ауруханасындағы бас дәрігердің орынбасары Тамаша Сыздықованың айтуынша, зардап шеккендер ауруханаға 22 қыркүйекте сағат 3.40-та жеткізілді. “Бір адам интенсив терапия палатасында жансақтау бөлімінде жатыр. Ер адамның денесінің 45 пайызын күйік шалған. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Тағы екі адам жарақаттар алып, алғашқы көмек көрсетілген соң үйге қайтарылды”, – деді Тамаша Сыздықова. Еске сала кетейік, осыған дейін Ақмола облысында Ми-2 тікұшағының жерге қатты қонғаны хабарланған болатын.  ”ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті…бүгін, 2017 жылдың 22 қыркүйегінде “Тянь-Шань” әуекомпаниясына тиесілі тікұшақтың жерге қатты қонғанын және экипаждағылардың аман қалғанын хабарлайды”, – делінген еді Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

ақпарат көзі tengrinews.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>