Жапырақ жайған бәйтерек

IMG-20170908-WA0000

«Мерейлі отбасы – 2017» облыстық байқауына Жамбыл ауданының атынан қатысқан Өнербековтер отбасының өнегесі мен тәлімі өзгелерден ерек болғаны анық. 7 ұл мен 4 қызынан 43 немере, 32 шөбере сүйіп, бүгінде толыққанды бақытқа кенеліп отырған Құтжан ата мен Анаркүл әжейдің берекелі шаңырағына сүйсіне қарайтындар аз емес. Құтжан қария КСРО Жоғарғы кеңесінің шешімімен «Еңбек ері» медалімен, Ұлы Жеңістің 65, 70 жылдығына орай арнайы медальдармен марапатталған. Ал «Алтын алқа» иегері Анаркүл әжейдің бала тәрбиесіндегі, қазақтың салтын дәріптеп, тәрбиесін танытудағы еңбегі орасан.
Ауданға қарасты Тастөбе ауылында үшінші буынға мұра болып келе жатқан «Құтжан» шаруа қожалығының төңірегінде топтасып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», бірлік пен берекеде тіршілік етіп отырған отбасы кім-кімге де үлгі, бүгінгі жас отбасыларға айнымас өнеге.
Жастары сексеннен асқан Құтжан ата мен Анаркүл әжейдің үлкен ұлдары Райымбектің өзі 60 жасқа жақындап қалса, ең кіші қыздары Наташа қырыққа қадам басқалы тұр. Балаларының барлығы да өз кәсіптеріне адал азаматтар. Мерейлі отбасының мерекесі мен берекесі тарқамасын дейміз!

Жамбыл ауданы.

Маржан РАҚАЙ,
«Ақ жол».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>