Қытайлық студенттер қазақша мультфильм түсірді

Қытайлық студенттер «Аққұс» атты қазақша мультфильм түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. «Аққұс» мультфильмін Қытай коммуникация университетінің (Communication University of China) түлектері дипломдық жұмыстарына түсірген. Фильмнің сценарийін Го Зыхао есімді қытай студенті жазып, төрт курстасымен бірге жобаны аяғына жеткізген. Ал мультипликациялық фильмді қазақ тіліне аудару және кейіпкерлерді дыбыстау мәселесінде студенттер Шыңжаңның қазақтар мекендеп отырған Алтай қаласы телеканалының көмегіне жүгінген. Го Зыхаоның айтуынша, ұлты қытай болғанына қарамастан, Бейжің қаласына келген осы уақытта туған жері Алтайдың терең тарихы мен қазақтардың тұрмыс-тіршілігі өзінің өміріне ұшан-теңіз өзгеріс алып келгенін жасырмайды. Ол Аққұс арқылы қазіргі кездегі Қытайдағы қазақ жастарының жан-дүниесін көрсетуге тырысқан. Мультфильм 14 минутқа созылады. Онда Аққұс атты қалада өсіп, тағдырдың жазуымен кішкентайынан анасы мен әкесінің аялы алақанын бірдей сезінбеген қазақ қызының анасы дүниеден озғаннан кейін, жайлауға келіп, бала кезінен бірге тұрмаған әкесімен қарым-қатынас орнатуы баяндалады. Жайлаудағы өмір мен ондағы кейіпкерлер арқылы қазақтың салт-дәстүрлері көрсетіледі. «Аққұс» Tencent видео порталына 20 маусым күні жүктеліп, ол осы уақытқа дейін 2 миллионнан астам рет қаралған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>