Мысырда ұсталған алты қазақстандық елге қайтып жатыр – ҚР СІМ

Қазақстандық дипломаттар Мысырда жоғалып кеткен Қазақстанның алты азаматын елге қайтару үшін оларды Каир әуежайына жеткізді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Facebook желісіндегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. “1 тамызда кешкі уақытта Мысырдың Ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері Қазақстан елшілігімен байланысқа шығып, осыған дейін ұсталған қазақстандықтардың елге қайтарылатынын хабарлады. Қазақстан консулы бірден әуежайға барып, қазақстандықтармен кездесті. Олардың жағдайы жақсы”, – деп жазды Әнуар Жайнақов әлеуметтік желідегі парақшасында. Сондай-ақ, ҚР СІМ өкілі олардың жақын арада Қазақстанға келетінін айтты. Бірақ Мысыр әлі күнге дейін қазақстандықтардың не себепті ұсталғанын мәлімдемеді. Әнуар Жайнақовтың айтуынша, Мысырдың құқық қорғау органдары қазақстандықтардың ұсталуына қатысты қосымша толығырақ мәлімет беретін болады. Ал кеше Қазақстан Мысырға наразылық нотасын жолдаған болатын.  Еске салайық, 24 шілдеде қазақстандық алты студенттің Мысырда жоғалып кеткені хабарланған болатын. Кейін студенттерді Мысырдың құқық қорғау органдары ұстап әкеткені белгілі болды.

ақпарат көзі tengrinews.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>