Америкалық бала суретке кімді түсірген?

АҚШ-та Даун синдромымен ауыратын жеті жасар Ашер Лайлзтың анасы телефоннан баласы түсірген ерекше сурет тауып алды.
Кэрри Лайлз Вашингтоннан Хьюстонға ұшқан кезінде баласына ұялы телефонын берген. «Үйімізге қайтып бара жатқан едік, балам иллюминатордан суретке түскісі келді. Ондаған кадр түсірген балам ұялы телефонды қайтарып берді. Кейін суреттерді өшіре бастадым, себебі сақтау жадысында орын аз қалған. Өшіріп отырып, бір ерекше суретке көзім түсті. Жүрегім бір сәтке тоқтап қалғандай болды», – деп жазды әйел Facebook желісінде. Ашердің ата-анасының пікірінше, ол камераға өзінің «жебеуші періштесін» түсіріп алған. Олар «баланың ерекше қасиеті бар және айналасындағы біз көрмейтін құбылыстарды байқай алады», дейді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>