Қалай жатып ұйықтайсыз?

Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у) өсиетіне сай мұсылман адам ұйықтағанда оң қырымен жатады. Ғалымдарда адам осылай жатқанда оның ағзасына пайдалы болатынын анықтаған. Нақтырақ айтқанда, адам оң бүйірімен жататын болса, оның миы күні бойы жиналған улы заттардан тазарады. Яғни, осылай ұйықтаған адам миының улы заттардан тазару тиімділігі он есе артады екен. Сондай-ақ, глифматикалық жүйесі (мидың қан тамырларының айналасында шоғырланған түтікшелер кешені) белсенді жұмыс істейтін болады. АҚШ-та жарық көретін «Тhe Journal of Neuroscience» басылымында америкалық ғалымдар жазғандай, адам миының улы заттардан тазару қарқыны оның қалай жатқанына байланысты. Ғалымдар тәжірибе жүргізіп, магниттік-резонанстық томографияның көмегімен үш қалыпта, атап айтқанда, шалқасынан, қырынан және етпетінен жатқанда адамның глифматикалық жүйесінде арқа миы сұйықтығының қалай айналатынын қадағалаған. Осынау тәжірибені жүргізгендердің бірі – Елена Беневисте зерттеу нәтижесі туралы былай деді: «Анализ көрсеткендей, бір қырынан жатқанда ғана глифматикалық жүйедегі сұйықтық айналымы әлдеқайда жақсы көрсеткішке ие болды». Бұл жаңалық өз кезегінде ақыл кемістігі, альцгеймер секілді аурулардың алдын алуда қолданылатын болады.
«Дәрігерлер де оң жақпен жатуға кеңес береді. Ол артериялық қан қысымын түсіріп, жүрек соғысының жиілігін төмендетеді. Бұл әсіресе, жүрек аурулары барларға маңызды. Сол жақпен жатқанда жүрекке салмақ түседі. Ал оң жақпен жатқан адам жақсы ұйықтайды», – дейді кардиологтар. Сол жақпен жату жүректің қалыпты жұмыс жасауына кедергі келтіреді. Себебі, жүрек сол жаққа ығыса орналасқан. Оң жақпен жатқанда жүрек толық тыныштықта болады. Бұл тұжырымдаманы осыдан 1400 жыл бұрын Пайғамбарымыз (с.а.у) айтып қойған. Алла елшісі оң жақ қырымен, қолын оң бетіне қойып ұйықтайтын болған. Оң жақ қырымен ұйықтау – сүннет болып табылады.
Дәрігер және психоаналитик Самюэл Данкеллдің «Ұйықтау қалыптары. Дененің түнгі тілі» деген кітабы бар. Сол кітабында ғылыми, қызықты деректер келтіреді. Адам түнгі ұйқы кезінде 25-тен 30-ға дейін ұйықтау қалыбын өзгертеді. Егер ол ауру немесе стресстік күйде болса, онда 100-ге дейін жетуі мүмкін. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, адам он немесе одан көп қалыпта ұйықтайды. Бірақ көбісі бір-біріне ұқсайды. Самюэл Данкелл барлық ұйықтау қалыбын «Альфа» және «Омега» деп екіге бөледі: Бастапқы немесе «альфа-қалып». Біздің ұйқыға жатқан кезіміздегі қалыбымыз. Негізгі немесе «омега-қалып». Өзімізге ыңғайлы қалып. Ұйықтап жатқанда, ұйқыдан тұрған кездегі қалпымыз. Доктор Самюэл 4 негізгі (базалық) «омега-қалыптарды» бөліп қарастырды:
1. Шарана секілді жату
2. Етпетімен жату
3. Арқасымен жату
4. Жартылай шарана секілді жату.

Мынау шарана секілді жатудың көрінісі.

Етпетімен жату. Етпетімен жату дінімізде құпталмайды. Себебі, Әбу Дәуіт жеткізген хадисте Ибн Қайс әл-Ғаффари: «Сәресі уақытынан кейін мешітте етпетімнен жаттым. Бір кісі аяғымнан түртіп, былай деді: «Бұлай жату Алланың ашуын тудырады». Мен бұрылып қарасам Пайғамбарымыз екен.

Арқасымен немесе шалқасынан жату.

Жартылай шаранаға ұқсап жату. Міне, Пайғамбарымыздың сүннеті бойынша жату да осы қалыппен сәйкес келеді. 1909 жылы Борис Сиднейдің Гарвардта жасаған зерттеу нәтижесі көрсеткендей оңқайлар оң жағымен, солақайлар сол жағымен жататыны белгілі болған.

Доктор Самюэл дәл осылай жатудың ерекшеліктерін ерекше жазып кетеді. Мұның ерекшеліктері: Бұл қалыпта тізе аздап бүгіледі, дене жылуды жақсы сақтайды. Сондай-ақ, дене маңынан ауа еркін алмасады. Дененің ортасы әрі ең маңызды мүше – жүрек жақсы қорғалады. Ұйықтап жатқанда адам еркін қозғалады: дененің қалыпты күйін бұзбай бір қырынан екінші қырына оңай ауыса алады. Басқа қалыптарда қозғалыс кезінде денеге ауырлық түседі. Бұл қалыптың физикалық ыңғайлылығы адамның қоршаған ортаға оңай бейімделе алатындығын көрсетеді. Осы қалыпты таңдайтындар, әдетте сенімді және салмақты болып келеді. Олардың психикасы да бірқалыпты, деп қорытындылайды.

Ал сіз қалай жатып ұйықтайсыз?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>