TOYOTA ұшатын автокөлігі

Жапондардың Toyota концерні Cartivator деп аталатын келешегі зор жобаға 350 000 доллар құятын болды. Яғни, ұшатын автокөлік күншығыс елінің астанасы – Токио қаласында 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарының алауын жағатын болады. Концерннің жас мамандарының Cartivator жобасымен айналысып жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Қазіргі уақытта аталмыш жоба концерн басшылығы тарапынан нақты қолдау тауып отыр. Яғни, Олимпиада басталғанша үш жыл бойы аталмыш жобаны концерн қаржыландырады. Ұшатын автокөлік осы заманғы квадрокоптер үлгісінде құрастырылады. Төрт роторы болады. Ол 10 метр биіктікке дейін көтеріле алады. Ал жерде бар жылдамдығын қосқанда сағатына 100 шақырым қашықтықты артқа тастай алады. Cartivator көлік құралы әлемдегі ең шағын нұсқасы болуы мүмкін: оның ұзындығы бар-жоғы 2,9 метрге, ал ені 1,3 метрге жетеді. Тағы бір айта кететін артықшылығы: словактар құрастырған AeroMobil ұшатын автокөлік ұшу-қону алаңынан ғана көтеріле алса, жапондар құрастырған көлік кез келген жерден көкке көтеріле алады. Алғашқы сынақ келесі жылға жоспарланып отыр. Ұшатын автокөлік діттеген жеріңізге тез жетуге және кептелісте қалмауға көмектеседі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>