Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда

Елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесіне арналған EXPO-2017 кубогы бәсекесінде тұяғымен жер тарпыған жүйріктер сынға түсті. Додаға еліміздің 14 облысы, Астана мен Алматы қалаларынан және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Польша сынды бірқатар мемлекеттерден құйрық жалы таралған сәйгүліктер келді. Ұлттық спортымыз ұлықталған шараның жүлде қоры да қомақты. Аламан бәйге – 25, топ бәйге – 15, жорға жарысы – 7 және құнан бәйге 7 шақырым қашықтықта өтті.
Қорытындысында құнан бәйгеде І орынды Алматы облысынан келген «Доран» атты тұлпар еншілеп, (иесі А.Жұмабеков, бапкері Н.Ноқатай, шабандозы А. Әлімжан), 3 миллион теңгені және кубокты қоржынға салса, ІІ орынды жамбылдық «Спортик» атты құнан иеленіп (иесі әрі бапкері Е.Жаппасов, шабандозы А.Бақкелді), 1,5 миллион теңгеге иелік етті. Ал ІІІ орынды Астана қаласының «Мажор» атты құнаны еншілеп (иесі Н.Оразбаев, бапкеріС.Юрский, шабандоз Д.Серғазиев) 1 миллион теңге алды. Сондай-ақ, 4-5-орын алған тұлпарлар да жүлдеден тыс қалған жоқ.
Топ бәйгеде жамбылдық тұлпар жүлдегерлердің қатарынан көрінді. Нақтырақ айтсақ, бесінші орынды «Айгүл» атты жамбылдық жүйрік иеленді (иесі әрі бапкері Т.Даушов, шабандозы Т. Болатұлы, жүлдесі – 300 мың теңге). Сонымен қатар аламан бәйге, ұшқыр бәйге, жорға жарысы бойынша да жүлделер үлестірілді. Барлық жеңімпаздар кубокқа, қомақты қаражатқа иелік етті.

Ардақ Сапибулла,
ТарМУ-дың студенті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>