Жамбылдықтар – Жизақ жерінде

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізге инвестиция тарту, өнеркәсіпті әртараптандыру және басқа елдермен әріптестік байланысты нығайту туралы тапсырмасын іске асыру аясында облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған жамбылдық делегация тобы Өзбекстан Республикасының Жизақ облысында жұмыс сапарымен болды.
Іссапар барысында Кәрім Нәсбекұлы Жизақ облысының хокимі Улугбек Узаковпен кездесіп, өңірлер арасындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда-экономикалық, рухани-мәдени байланыстарды нығайту тұрғысында әңгімелесті.

DSC_0606 DSC_0407 DSC_0113– Бүгін Улугбек Юлдашевичтің шақыруымен екі облыс арасындағы байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында Жизақ облысына келіп, сіздермен кездесіп отырмыз. Сіздердің облыстарыңызбен берік қарым-қатынас орнату өңіраралық өзара байланысты жаңа деңгейге көтереді деп сенеміз, – деген аймақ басшысы жизақтықтарды киелі Әулиеата өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен жан-жақты таныстырып өтті.
Жылышырайлы кездесу барысында, сондай-ақ облысымыз арқылы өзбек еліне көкөніс, бидай мен меслин, арпа, жүгері, күнбағыс, мақсары тұқымы, кальций фосфаты, натрий үшфосфаты, электродқа арналған көміртегі пастасы, иленген және өңделген қой терілері, ферроқорытпа, қара металл қалдықтары мен сынықтары, жартылай дайындалған темірлер, қара металдан жасалған металл құрастырмалар мен ернемектер, тағы басқа да тауарлар экспортталатыны атап өтілді. Ал Өзбекстан тарапынан біздің өңірімізге балғын және кептірілген көкөністер мен жеміс-жидектер, кондитерлік өнімдер, минералды сулар, мақта-қағаз, тоқыма бұйымдары, мата, травертин және басқа да құрылыс материалдары, темір шыбықтар импортталады.
Жалпы, экономикалық талдау көрсеткендей, біздің облысымыздың Өзбекстан Республикасымен арадағы тауар айналымы 2016 жылы 34 миллион АҚШ долларын құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 28 пайыздан астам көлемге ұлғайған.
Жизақ облысындағы диодты аккумулятор, шам, шыны бұйымдарын өндіруді жүйелі жолға қойған арнайы экономикалық аймағы басшыларына бірлесе жұмыс істеуді ұсынған өңір басшысы К.Көкірекбаев:
– Біз, міне, осы бағытта бірлесе жұмыс жасай аламыз. Әкімшілік мәселелерін де шешеміз, тіпті бірлескен компаниялар үшін ғимарат та бөлеміз. Ең бастысы – жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету. Біздің облысымыз аумағынан еліміздің барлық өңірлерімен, Ресей, Қырғыз және Өзбекстан елдерімен байланыстыратын 25 темір жол желісі өтеді. Ал облысымыз бен Өзбекстан арасындағы өзара сауда қарым-қатынасы жөнінде айтар болсақ, оның көлемі жылдан-жылға өсу үстінде. Кешелі бері бірқатар нысандарда болдық, аймақтың тыныс-тіршілігімен таныстық, салаларда атқарылған жұмыстар бойынша тәжірибе алмастық. Бұл екі өңір кәсіпкерлері үшін тиімді болды және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп ойлаймын, – деді бұл тұрғыда.
Екі күндік жұмыс сапары кезінде жамбылдықтар Жизақ қаласындағы «Олимпиада резервтері» спорт колледжі мен кәсіпкерлікті қолдау орталығының, көпсалалы балалар ауруханасының, политехникалық институттың, «Учтепа» махалласының тұрғын үй кешенінің жұмысымен танысты. Топ мүшелері Жизақ облысының «Жизак пластекс» тоқыма кешені, «Жизақ аккумулятор зауыты» АҚ, «Roison Home White Goods» СП секілді бірқатар кәсіпорындарда болды.
Қазақстандық делегация мүшелері үшін сонымен қатар Жизақ облысының өндірістік және экспорттық әлеуетінің көрме-таныстырылымы ұйымдастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша жоғарыда аталған өңірмен өзара тиімді әріптестікті дамыту жөнінде маңызды шешімдер қабылданып, білім, денсаулық сақтау, сауда салаларында бірқатар меморандумдарға, сондай-ақ қазақ және өзбек компаниялары арасында Жизақ облысына өндірістік және ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу бойынша экспорттық келісімдерге қол қойылды.
Өзбекстан Республикасы Жизақ облысына жұмыс сапарымен барған делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары, Тараз қаласы мен Т. Рысқұлов, Жуалы аудандарының әкімдері, облыстық басқармалардың, жоғары оқу орындары мен бірқатар ірі, орта кәсіпорындардың, шаруа қожалықтарының жетекшілері бар.

Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>