Дат футболшыларына шамамыз келмеді

Футболдан келесі жылы Ресейде жалауы желбірейтін әлем чемпионатының іріктеу циклында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрама командасы кезекті мәрте жеңіліске ұшырап, топтағы жағдайын қиындатып алды.
Алматыдағы орталық стадионда Дания құрамасын қабылдаған ұлттық құрама футболшылары қарсыластарына 1:3 есебімен жол берді. Ұлттық құрама оғландары ә, дегеннен алға лап қойды. Бәлкім, жылдам гол соғып алуды көксеген болса керек. Алайда, адуынды Дания құрамасы оңай шағылатын жаңғақ емес екені белгілі. Қорғанысы берік ұжымға гол соғу өте қиын. Қауіпті сәт 15 минутта туындады. Әріптесі асырған пасқа Иоргенсен үн қатқанда дат футболшылары есепте алға шығар еді. Бұдан соң ел футболшылары бірнеше тамаша мүмкіндікті мүлт жіберді.
Бірінші тайм ортасынан ауа бергенде Иоргенсен таблодағы көрсеткішке өзгеріс енгізіп, дат футболшыларын есепте алдыға шығарды. Бұдан соң Серікжан Мұжықов есеп теңестіретін сәтті ұтымды пайдалана алмады. Алғашқы кезең аяқталуға 2 минут қалғанда ұлттық құрама капитаны Бауыржан Исламхан ойын ережесін бұзып, алаңнан қуылды. Енді жеңіске жетсек деген арманымыз алыстап кеткені анық.
Ойынның екінші кезеңін де отандастарымыз сәтсіз бастады. Кездесудің 51-минутында қорғау-шыларымыз айып алаңында қарсыласқа қарсы ереже бұзды. Төреші 11 метрлік айып добын белгілеп, Эриксен есепті 0:2-ге жеткізді. Қазақ футболшылары кездесудің 76-минутында есеп айырмасын қысқартты. Гол авторы – Исламбек Қуат. Алайда, 81-минутта Каспер Дольберг қақпамызға үшінші голды соғып кетті. Өкінішті, осы жеңілістен соң ұлттық құраманың топта соңғы орыннан көтерілуі қиындап кетті.

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>