Назарбаев Испания Королімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Испания Королі VI Филиппен кездесті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордадан. “Испания Қазақстан Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап біздің елімізге өте жақын болды. Экономикалық, мәдени ынтымақтастық – біз Испания сияқты үлкен мемлекетпен, оның ұлы мәдениетімен және екі ел арасындағы жақсы қарым-қатынаспен мақтанамыз. Осындай ынтымақтастықты сіздің әкеңіз – Хуан Карлоспен бастаған болатынбыз”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Испания Қазақстанның Еуропадағы ең негізгі саяси серіктестерінің бірі болып саналады. Ол Қазақстанмен стратегиялық серіктестік туралы келісімшартқа қол қойған Еуропаның екінші мемлекеті болып есептеледі. “Біз сіздің мемлекетіңіздің арқасында Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының төрағасы болдық. Испания біздің ұйымның тұрақты емес мүшесі болуымызды қолдады. Біз енді жоғары деңгейге көтерілген экономикалық ынтымақтастық мәселелері жайлы сөйлесеміз. Мен сізбен жұмыс істеуге және кезінде әкеңізбен болған қарым-қатынасты жалғастыруға дайынмын”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев Испания Короліне. Айта кетейік, Қазақстан Президенті Испанияға сегіз рет барған. Назарбаев соңғы рет Испанияға 2013 жылдың ақпан айында барған. Испания Королі VI Филипп өз кезегінде Назарбаева алғыс білдіріп, Астанаға алғаш рет келіп отырғанын айтып өтті. “Мен осымен бірнеше жылға созылып келе жатқан серіктестіктің бір бөлігі болғаныма мақтанамын. Сапарымның аясында Астанадағы осындай бірегей EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанатына қатысуым мен үшін үлкен құрмет. Сіздерді осы іс-шарамен құттықтаймын”, – деді Испания Королі.

ақпарат көзі tengrinews.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>