Назарбаев Астанада EXPO-2017 көрмесін ашты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ашты. Ашылу салтанаты көрме территориясындағы Конгресс-орталықта өтіп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. “Қонақжай Қазақстанның елордасы – әсем Астанаға қош келдіңіздер! Бүгін біздің елімізде ғана емес, дүниежүзілік көрмелер тарихында айтулы күн. Қазір көптен күткен халықаралық EXPO-2017 көрмесінің шымылдығы ашылды. Осы салтанатты мерекемен баршаңызды шын жүрегімнен құттықтаймын. Біз EXPO көрмесін ТМД және Еуропа елдері арасында тұңғыш рет өткізгелі отырмыз. Сөйтіп, қазақ елінің ордасы айтулы көрмені өткізген әлемдегі 35-қаланың қатарына қосылды. Астана үш ай бойы бүкіл адамзаттың жетістіктерін әйгілі ететін басты алаңға айналады. Тәуелсіз ел символы – Астана нағыз ХХІ ғасыр қаласы ретінде жаңа қырынан танылатын болады”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Елбасының айтуынша, көрмеге әлемнің 115 мемлекеті, 22 халықаралық ұйымы қатысады. “Мен олардың барлығына халқымыздың атынан ризашылығымды білдіріп, сәттілік тілеймін”, – деп алғыс білдірді ҚР Президенті.  Елбасы Халықаралық көрмелер бюросының президенті Стин Кристенсен (Steen Christensen) мырза, ұйымның бас хатшысы Висенте Лоссерталеске алғыс айтты. “Лоссерталес мырза дайындық барысында бірнеше рет Қазақстанға келіп, атсалысты, өкінішке орай, бүгін келе алмай қалды. Құрметті достар, EXPO осыдан 166 жыл бұрын өткен тұңғыш көрмеден бері әрдайым жаңа идеялардың бесігі болып табылады. Алғашқы телефон, аткөлік, компьютер, жер серігі мен атом электрстанциясы сияқты жаңалықтың барлығының тұсауы осындай EXPO-да кесілген болатын. Сол игі үрдісті жалғастырған Астана әлемдік инновациялық орталықтың бірі ретінде танылады деп сенемін. EXPO ғылыми жаңалықтар көрмесі ғана емес, барлық елдер мен өркениеттерді жалғайтын алтын көпір. Қазақстан көрмені жоғары деңгейде өткізу үшін жан-жақты дайындалды. Алдыңғы қатарлы инфрақұрылым, дербес энергиялар жүйесі бар EXPO қалашығы салынды. 100-ден астам сәулетті ғимарат бой көтерді. Астананың әлеуеттік даму жолы да тың серпіліске ие болды. Қалада жаңа әуежай, жаңа теміржол кокзалы пайдалануға берілді. Әлемдік деңгейдегі қонақүйлер, мәдени, ойын-сауық кешендері салынды, ашылды. Осының барлығы EXPO-дан кейін де елдің орталық игілігіне қызмет ететін болады”, – деді Назарбаев EXPO ашылу салтанатында. Шара Мемлекет басшыларының көрменің “Нұр Әлем” орталық экспозициясындағы Қазақстан павильонына келуінен басталды. Мемлекет басшыларының сәлемдесуінен кейін көрмені аралау мен Қазақстан павильонымен танысу жүреді. Осыдан кейін өзге елдердің павильондары таныстырылады. EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанатының ресми бөлігі Конгресс-орталықта өтті. Одан кейін Амфитеатрда концерттік бағдарлама көрсетіледі. Шараның соңында көрермендер лазер шоуы мен тамаша отшашуды тамашалай алады. Трансляция барлық республикалық телеарнада тікелей эфирден көрсетіледі. Сондай-ақ Медиа Орталық 4 түсірілім көлігі арқылы 60 түсірілім орнынан хабар таратады.  Портативная колонка JBL Charge2+ со скидкой! Только сегодня! Борьба с неприятным кожным… Внимание акция ограничена! Гибкая мини камера всего за 13900 тг Тегтер: EXPO-2017, Астана, Назарбаев Нұрсұлтан Тақырып бойынша сілтемелер: Tengrinews.kz EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанатын тікелей эфирден көрсетеді EXPO аумағы үш жыл бұрын қандай болды? “Ел жаңалықтары” айдарындағы басқа жаңалықтар : Лукашенко ШЫҰ-ға мүше елдердің халқын тамақтандыру қажет екенін айтты ШЫҰ-ға мүше елдер басшылары Астанада тарихи шешім қабылдады БҰҰ Бас хатшысы Назарбаевты құттықтады ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы тағайындалды Демалыс күндері ауа райы қандай болады? Tweet Поделиться

ақпарат көзі tengrinews.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>