“Арландар” финалға шықты

Лондонда өткен WSB-дің екінші жартылай финалдық кездесуінде «Astana Arlans» командасы ұлыбританиялық «British Lionhearts» клубын 3:2 есебімен жеңіп, ақтық сынға жолдама алды.

Ең әуелі рингке көтерілген жерлесіміз Олжас Саттыбаев (52 кг) Ниалл Дин Фаррелді – 2:1 есебімен ұтса, Закир Сафиуллин (60 кг)  Чед Милнсті екінші раундта нокаутқа жіберді. Ал 69 келіде сынға түскен Асланбек Шымбергенов британиялық Кумар Маноджоны айқын басымдылықпен жеңді. 81 және 91 келіде сынға түскен “Арландар” Арман Рысбек пен Нұрсұлтан Аманжолов британиялық қарсыластарына есе жіберді.

“Арландар” «British Lionhearts»  командасын 7:3 есебімен басым түсіп, ақтық сынға жолдама алды. Финалда олар «Cuba Domadores» – «Colombian Heroicos» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>