EXPO-2017 көрмесі мен концерттік бағдарламаларының билет құны белгілі болды

Бірнеше күннен кейін, Астанада халықаралық EXPO-2017 көрмесі өз жұмысын бастайды. Көрме кезінде әлемдік өнер жұлдыздарының қатысуымен түрлі концерттер мен іс-шара өткізілмек. Бұл туралы ҚазАқпарат порталы хабарлады.

Республикалық «Сарыарқа» велотрегінде болатын концерт билеттерінің құнына жұмыс күндеріндегі ЭКСПО көрмесіне кіру билеттерінің құны қосылыпты. Сонымен бағалар мен кештердің мерзімі:

-          «Би-2» және «Мумий Троль» концерті: 6000 – 23 000 теңге аралығы, 1 шілде;

-          «Black Star Party» (МОТ, Кристина Си, L’One, Тимати) концерті: 6000 – 23 000 теңге, 8 шілде;

-          Полина Гагарина мен Егор Кридтің кеші: 6000 – 23 000 теңге, 5тамыз;

-          «Limp Bizkit» тобының концерті: 6000 – 28 000 теңге, 12 тамыз;

-          Эрос Рамазоттидің кеші: 6000 – 28 000 теңге, 19 тамыз.

Ескеретін жайт, көрме ішінде болатын мерекелік бағдарламалардың билет құнына тағы кіру билетін төлеу қажет болады. Бұл 4000 мен 8000 теңге аралығы.

Сондай іс-шаралардың бірі – 6 маусым -9 қыркүйек аралығында болатын «Дю Солей циркі». Билет құны – 4 мың мен 6 мың аралығы. Және билет құны 1000 теңге тұратын 13 кеш:

- «The Great Gatsby Ballet» хореографиялық шоуы: 15маусым;

- Республикалық классикалық музыка ансамблінің кеші: 18-21 маусым;

- Миша Майский мен Лилия Майскаяның концерті: 24 маусым;

-  Kuss Quartet пен Миша Майскийдің концерті: 25 маусым;

- Берлиндік Lautten Compagney оркестрі мен флейтист Maurice Steger кеші: 30 маусым;

- «The Spirit of Tengri» заманауи этникалық музыка кеші: 20 шілде мен 20 тамыз;

- итальян пионисті Andrea Lucchesini мен Қазақстан мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің кеші: 1 шілде;

- итальян виолончелисті Enrico Dindo мен мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концерті: 2 шілде;

- Құрманғазы атындағы оркестрінің концерті: 11-13 шілде;

- Ресейлік саксофонист Игорь Бутман мен Мәскеу джаз оркестрінің кеші: 15 шілде;

- «The Magic of Nomads» тобының кеші: 26 шілде, 25 тамыз, 28 тамыз;

- Thomas Gould, Julien Quentin, Mary Bevan & Sandi Toka Nova концерті: 2 қыркүйек.

Ал Ұлттық мұражайда оныншы тамызда өтетін «Бейбарыс Сұлтан және оның дәуірі» атты халықаралық көрмеге ЭКСПО билетінсіз кіру  мүмкін емес екен.

Кейбір  іс-шаралардың билет құны ЭКСПО-2017 көрмесінің кіру билетінің сомасына енгізіліпті. Олар:

-          «Ұлы дала симфониясы» шоуы: 10-14 маусым;

-          Қазақстан эстрада орындаушыларының «Sound of Gakku» кеші: 23 маусым, 13 шілде;

-          Астана күніне арналған концерт: 6 шілде;

-          Нидерландиялық диджей Afrojack кеші: 11 шілде;

-          MTV музыкалық арнасының концерті: 15 шілде;

-          Швед диджейі Axwell  кеші: 17 шілде;

-          Тілендиев атындағы фольклорлық-этнографиялық Отырар Сазы оркестрінің концерті: 20-23 шілде;

-          Америкалық  диджей Steve Aoki кеші: 29 шілде;

-          Қазақстандық-британдық топ «No mad karma» кеші: 9 тамыз;

-          Конституция күніне арналған концерттік бағдарлама: 30 тамыз.

Мұнымен қоса, Астана  қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлігі бірқатар мәдени іс-шара дайындаған екен.

 

Елорда басшылығы сөзінше, халықаралық көрмеге жақын және алыс шет елден, еліміздің өзге де аймақтарынан екі миллионға жуық қонақ күтілуде.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>