Apple өз операциялық жүйесінің жаңа нұсқасын таныстырды

 Apple компаниясы өзінің iOS операциялық жүйесінің жаңа версиясын таныстырды. Презентацияда жаңа нұсқа мессенджер арқылы ақша аударымдарын жасау, файлдардағы жұмысты ыңғайлы жүргізу, диск жадын үнемдеу секілді қызметтерге жол ашатыны айтылған. Бұл туралы Reactor.inform.kz сайты хабарлады.

 Таныстырылым Сан-Хоседегі қосымша құрастырушылардың Әлемдік конференциясында(WWDC)  жасалыпты.

 Бұл нұсқаның басты жаңалығы – файл менеджері. Өйткені, бұрынғы iOS-та  орталықтандырылған файл менеджмент болған жоқ, сондықтан, қолданушылар файлдарды түрлі қосымшаларды жүктеу арқылы ғана басқара алатын.

 Оған қоса, жаңа нұсқада iMessage барлық хабарламаларды синхронизациялайды және мәліметтер шифрланады. Жойылған хабарлама барлық көздерден бірге өшіріліп, қайта кіргенде сақталған мәліметтер қайта жүктеледі.

 Және ендi іMessage-де ақша аударымдарын жасай аласыз. Бұл Apple Pay арқылы жүзеге асады.

 Ал Siri қосымшасы одан әрі жетілдіріліп, ол енді сіз сұрастырған мәліметті бес тілге аударып бере алады.

 Сонымен қатар, жаңа нұсқада интерфейс жаңаланып, басқару тетігі бір ғана экранға орналастырылыпты. iOS-та енді сурет өңдеудің жаңа мүмкіндіктері және картаның дәлдігі ойластырылған екен.

 Аталған жаңа версия қолданушыларға осы жылдың күзінде қолжетімді болмақ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>