Қазақстандық оқушы құтқару қызметіне арналған мобильдік қосымша жасап шығарды

Мектеп оқушысы “Fast Helper” деп аталатын мобильдік қосымша жасап шығарды. Оның жобасы «Ашық үкімет» порталының байқауы аясында үздік атанды, -деп хабарлайды «Ұлттық ақпарат технологиялары» АҚ баспасөз қызметі.

Он алты жасар оқушы Давид Кнышенко әділ-қазы алқасына жедел құтқару қызметіне арналған қосымшасын ұсынып, жеңіске жеткен. Қосымша атауы – “Fast Helper”. Бұл мобильдік қосымшаның көмегімен жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметін шақыруға болады, ал маңыздысы, аталған приложениеде құтқару қызметі жеткенше, кез келген жағдайда қолдана алатын шаралар жайлы  мәліметтер ұсынылған.

Ұйымдастырушылар бұл қосымшаның қазіргі таңда өте актуалды жоба екендігін айтады.  Өйткені, апатты жағдай кезінде адамдар қандай қызметке жүгінерін, алғашы көмекке не істерін білмейді екен. Бұл қосымша арқылы адам жанын құтқарып алу мүмкіндігі арта түспек.

Байқауда ұсынылған жобалар тың идея, әлеуметтік мән, ыңғайлы қолданыс, коммерциаландырудың ұтымдылығы сынды критерийлер бойынша таңдалды. Тиісінше, екінші, үшінші орындарды «Алматы оқу орындары» (С.Кажиев, В.Кадацких),  “HealthApp”(С.Алиханова) атты приложениелер иеленді.

Қазіргі таңда «Ашық үкімет» бағдарламасы қолдауымен әлеуметтік маңызы бар жиырмаға жуық мобильдік және веб қосымшалары жасалған. Ал қоғамда мұндай бағдарламаларға сұраныс артып келеді, сондықтан аталған жобалардың іске асып, қолданысқа берілуі өте маңызды болып табылады.

 inform.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>