ЭКСПО көрмесіне Қытайдың 1000-нан астам кәсіпорындары қатысады

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне ҚХР 1000-нан астам энергетика саласында жұмыс жасап жатқан кәсіпорындары қатысады. Ал қытай павильоны «жасанды күн» деген атаумен ядролық синтездің энергетикалық көзіне басымдылық береді. Бұл туралы Халықаралық сауда-саттыққа жәрдемдесу жөніндегі Қытай комитетінің (ХСЖК) төрағасы Цзян Цзэнвэйдің Аспан асты елінің «Жэньминь жибао» газетінде жарияланған мақаласында айтылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің Қытайдағы меншікті тілшісі.

«2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астанада (Қазақстан) халықаралық көрме өтеді. Соңғы жылдары қазақ-қытай қарым-қатынастары жоғары деңгейге көтерілді. «Жібек жолының экономикалық белдеуі» мен Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты «Нұрлы жол» арасында тиімді интеграциялық процестер жолға қойылды.

«Бір белдеу, бір жол» бағытында жаңа қарым-қатынастарды ынталандыру қолға алынуда», – деп жазады Цзян Цзэнвэй. Ол Қытай үкіметінің Қазақстанның ЭКСПО көрмесін ұйымдастыру бастамасын қолдап, ол көрмеге қатысуға ерекше мән беріп отырғандығын айтты. Цзян Цзэнвэй өзінің мақаласында Қазақстанда өтетін көрменің маңыздылығын мынадай негіздемелермен өлшейтіндігін жеткізеді.

«Біріншіден, Қытай өзінің экология саласындағы тұжырымын толық ашады. Екіншіден, инновацияны дамудағы қытайлықтардың жетістіктерін әлемге паш етеді. Үшіншіден, энергия ресурстары және халықаралық өндіріс бағыттарындағы ынтымақтастыққа серпін береді… Қытай павильоны Қытай мен Қазақстанның энергетикалық ынтымақтастығы форумын ұйымдастырады. Оған Бейжің, Шанхай, Шаньдун және басқа 23 провинциясынан мыңға жуық кәсіпорын келеді», – деді Цзян Цзэнвэй.

«Бас-аяғы 93 күнге созылатын Астана көрмесінде Қытай әлем елдерімен бірлесе отырып, болашақ энергиясының күрделі мәселелерін және даму болашағын, энергетикалық қауіпсіздіктің түйткілдерін талқылап, азамзат өркениетін ілгері жылжытудың тың жолдарын ашуға үлесін қосады», – деп түйіндейді Комитет төрағасы мақаласында.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>