Нұрсұлтан Назарбаев Асанәлі Әшімовты қабылдап 80 жылдық мерейтойымен құттықтады (видео)

Актер, режиссер Асанәлі Әшімовты қабылдаған президент Нұрсұлтан Назарбаев оны 80 жылдық мерейлі жасымен құттықтап, аңыз тұлғаға мықты денсаулық, табыс және шығармашылық жетістік тіледі.

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

“Біз 40 жыл уақыттан бері таныспыз. Және осы уақыт ішінде, әсіресе, біздің еліміз тәуелсіздік алып жатқан қиын шақтарды сіздің қолдауыңызды сезіндік”, – деді Назарбаев.

Сондай-ақ, президент Асанәлі Әшімовтың шығармашылық еңбегі Кеңестер Одағының да үлкен бір дәуірі болып саналатынын атап өтті.

“Сіз КСРО, Қазақстан халық әртісісіз. Кино әлемінде Асанәлі Әшімовтың есімі Қазақстанның бренді болып саналады. Еліміздің шығармашылық қоғамының корифейі ретінде сіз мемлекетке керексіз”, – деді президент.

Өз кезегінде Асанәлі Әшімов мемлекет басшысына алғысын білдіріп, құрметін жеткізді.

“Біз әртүрлі елдерде түсірілімдерде, гастрольдерде боламыз. Олардың бәрі бізде сіздей президент бар екенін айтып, қызығып, мақтап жатады. Сіздің бүгін маған беріп отырған атағыңызды аванс деп есептеймін. Біздің жұмысымыз басқаларға үлгі болуы тиіс. Біз “Тек ғана алға!” деген ұранды ұстанамыз. Сіздің саясатыңызды толығымен қолдаймыз”, – деді Әшімов.

Бұған дейін актерге “Қазақстанның Еңбек Ері” атағы берілгенін де хабарлаған болатынбыз.

ақпарат көзі stan.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>