Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетуі тиіс – Тимур Кұлыбаев

АСТАНА.ҚазАқпарат – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум төрағасы Тимур Құлыбаев ҚР Ұлттық банкті базалық мөлшерлемені төмендетуге үндеді. Осының арқасында отандық кәсіпкерлер ЕАЭО аясындағы бәсекеге төтеп бере алады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап. «Біз өзіміздің Ұлттық банкімізді белсенді, тіпті аса белсенді болуға шақырамыз. Егер Ресейдің Орталық банкі базалық мөлшерлемені 9,25 пайызға түсірсе, онда біз одан да төмен мөлшерлемені қоюымыз қажет. Қазақстандық кәсіпкерлерде бір басымдық болуы керек қой», – деді Құлыбаев Жамбыл облысында өткен кездесу кезінде. Айта кетейік, биыл 28 сәуірде РФ Орталық банкі базалық мөлшерлемені 9,25 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Ал Қазақстанда базалық мөлшерлеме 11 пайызды құрап отыр. Бүгінде осы мөлшерлеменің көлемі халық алатын несиелердің мөлшерлемесіне де тікелей әсер етеді. Себебі екінші деңгейлі банктер Ұлттық банктің қаражатын базалық мөлшерлемемен қарызға алып отырады.

ақпарат көзі kazinform.kz

4 comments

  1. kazinforem.kz деген сайт жоқ қой. Техникалық ақау шығар;)

    • inform.kz деген сайт қой. Пайдаланушылық келісімін бір қарап шықсаңыздар! Сосын облыстық газетті жақсы мақалалар шықса бізге жолдасаңыздар құп!

      • Саламатсыз ба! Пайдаланушылық келісімді қарап шықтық! Сіздін сайттарынызға мақалаларға сілтемені көрсетіп отырмыз! Сізге ватсапқа біздін сайтқа шыққан мақалаларға сілтемені whatsapp арқылы сілтемелерді жібердім

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>