GTA ойнап үйренген 11 жастағы бала көлікті ұрлап кетті

Канаданың Онтарио провинциясында 11 жастағы бала Grand Theft Auto V ойынына қызығып кетіп, ата-анасының көлігін айдап кеткен. Бала көлігімен қарсы бағытқа шығып, жылдамдықты асырған. Патруль полициясы жол ережесін бұзған жүргізушіні қуа жөнеледі. Полицейлер көлікті тоқтатқанда оның ішінде кішкентай бала екенін аңғарады. Баланы тергей отырып, оның үнемі Grand Theft Auto V ойынын ойнайтынын білген. Бүлдіршін ойындағы көліктің шын мәнінде өмірде қалай жүретінін көргісі келіпті.Сериялық Grand Theft Auto ойынын 18 жастан асқандарға ғана ойнауға рұқсат беріледі. Бұл баланың ойынды қалай ашқаны белгісіз.

Дайындаған Шынар АСАНҚЫЗЫ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>