«Apple» жаңа әлеуметтік желі жасап жатыр

«Apple» компаниясы «Facebook», «Snapchat» және «Instagram» желілерін негізге ала отырып, өзінің жаңа әлеуметтік желісін жасап жатыр. Apple қызметкерлерінің айтуынша, жаңа бағдарламада видео түсіріп, оны түрлі эффектілермен өңдеп, басқа қолданушылармен бөлісуге болады. Bloomberg-тегі ақпаратқа сәйкес, әлеуметтік желінің танымалдылығын пайдаланып, компания аудиториясы ретінде күнделікті 30 не 50 минутын «Facebook», «Snapchat» және «Instagram» секілді бағдарламаларда өткізетін жастарды көздеп отыр.«Одан бөлек, жаңа бағдарламада өзге қосымшаларда жоқ функциялар болады. Мысалы, екі дос бір-бірінің барлық хаты мен видеосын, электронды поштасын мен суреттерін еркін көре алады», – дейді «Apple».

 

Дайындаған Шынар АСАНҚЫЗЫ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>