Сингапурде алғаш рет жүргізушісіз басқарылатын такси жолға шықпақ

Қызметтің осы жаңа түрін тегін пайдалануға болады. Қазіргі кезде такси паркінде осындай 6 көлік бар. Және онымен тек ғылыми-зерттеу қалашығының аумағында ғана жүруге болады. Алайда өндіруші компания өкілдерінің мәлімдеуінше, жыл аяғына дейін көліктер саны екі есеге артады. Қазіргі кезде жолаушылармен бірге жүргізуші орнында көлікті нұсқаушы басқарады. Бұл көліктер сағатына 50 шақырым жылдамдықпен қозғала алғанымен, жүрісі сағатына 30 шақырыммен шектелген. Таксиге тапсырыс беру, бағдар белгілеу мен қызметті төлеу ұялы телефон арқылы жүргізіледі.

Дайындаған Шынар АСАНҚЫЗЫ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>