Айша бибі

«Сұлулық құрбандықты талап етеді» деген осы ма?

Сұлу болу үшін ота жасатып, адам шошырлық күйге түскен қытайлық қыздар еліне қайта алмай отыр деп жазады Lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ ақпарат агенттігі. Қыздар Оңтүстік Кореяға барып сұлулана түсу үшін пластикалық ота жасатқан. Алайда, бір аптадан соң үйлеріне қайтпақ болған оларды Оңтүстік Кореяның әуежайында шекарашылар жібермей қойыпты. Себебі, ота жасатқан соң қыздардың беттері ісіп, түрлері адам танымастай өзгеріп кеткен. Тексеру ...

Read More »

ОТБАСЫҢ ЖАҚСЫ БОЛСЫН ДЕСЕҢ, ОЙЫҢДЫ ТҮЗЕ!

ОТБАСЫҢ ЖАҚСЫ БОЛСЫН ДЕСЕҢ, ОЙЫҢДЫ ТҮЗЕ!

Құрметті «Айша бибі» арнаулы бетінің ұжымы! Сіздердің «Жақсы үйге келген келін, келін…» атты айдарларыңызға өз пікірімді білдіріп, басымнан өткен жайды баяндасам деп едім. Менің жасым – 23-те. 17 жасымда тұрмысқа шықтым. Бүгінде үш баланың анасымын. Шүкір, бақыттымын. Үйленгенімізге 1 жыл болғанда аяғым ауырлап, ата-ана болатынымызға қуанып жүргенде жолдасыммен бірге жол апатына түстік. Алла сақтап, екеуміз де аман қалдық, бірақ ішімдегі ...

Read More »

Сүйінші! Өмірге үшем келді!

Сүйінші! Өмірге үшем келді!

биылғы жылдың 9 айында 4910 әйел босанып, оның 109-ы егіз тапты. Екі ана үшем туды. айдана – үшінші үшемнің анасы Өмірге үшем келді! Қандай қуанышты хабар еді. Жағымды жаңалықты ести сала облыстық перинаталдық орталығына құстай ұшқанбыз. Елбасы қамқорлығымен салынған аумағы өте үлкен ғимаратты шыр көбелек айналып жүрміз. Бір кезде қызыл-жасыл шарға оранған екі жеңіл автокөлікті көзіміз шалды. Айналасы адамға толы. ...

Read More »

Жалғыздық, сені қайтейін!

Күнделікті күйкі тіршіліктің өзінен ой түюге болады. Алматының іргесіндегі Іле ауданына барғанымда Қарлығаш есімді бейнетқор әжейді көргенім бар. Ертелі-кеш тыным таппайды. Бір байқағаным, ол әр жексенбі сайын үлкен базарға барады екен. Бұл оның бейнеттің зейнетін көретін шағы ғой, бірақ неге бір тыным таппайды? Осыны білмек болып, бейтаныс әжеймен танысып, бір күн қасында жүріп, қолғабыс етпек болдым. Ондағы ойым – зейнеткерді ...

Read More »

Үйсін ханына ұзатылған қытай ханшасы

КӨНЕ ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕР (б.д.д. ІІІ ғ. аяғы – б.д. VІІІ ғ.) Бағзы замандардан бері Ұлы Дала әр түрлі ұлыстардың құрылу, қалыптасу және нығаю орны болуымен қатар, түрлі дәуірлерде мемлекеттік бірлестіктер құрған көптеген тайпалар мен халықтардың өмір сүру ортасы да болды. Көне түркі дәуірінде өмір сүрген көшпенділердің ең кемінде екі ірі империясы туралы, олардың саяси ықпалының күшеюінен Еуразия даласы халықтардың ...

Read More »

Сары күз – сағыныш

Қабағың-ай күз суығы түскендей, Ызғарыңды сездірдің бе қыс келмей? Талай рет тәтті лебіз арнап ең, Тыңдаушы едім сөзіңді бал ішкендей. Кеттің енді жағдайымды сұрамай, Сезімдердің сынағына шыдамай. Менің халім қандай деп бір білмедің, Неге қалдым өзіңізге ұнамай? Махаббаттың уын ішіп зар қақтым, Әлдекімге сезімімді арнаппын. Сергелдеңге сала бердің жанымды, Мен отырмын жүрегімді қармап мұң. Ашымады маған мүлде жаныңыз, Маған деген ...

Read More »

Ірімшік

Ірімшік – сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен қайнатып әзірленетін сүт тағамы. Ірімшік – ақ ірімшік, кызыл ірімшік деп екіге бөлінеді. Ақ ірімшікті дайындау үшін ыдысқа құйылған шикі сүттің үстіне азырақ айран құйып, сүтті ірітеді. Одан соң іріген сүтті отқа қойып қайнатады. Ірімшіктің сары суы бөлінген кезде оны шыптаға сүзеді. Ақ ірімшікке сары май, қаймақ, кілегей сияқты майлы тағамдарды қосса дәмді әрі ...

Read More »

Балаңызды бесіктен айырмаңыз

Бесіктің қасиеті Бесік – баланың тазалығы үшін өте қолайлы. Өйткені арнайы орнатылған түбек пен шүмек бала дәретін жаймайды. Түбектің түбіне күл салып, жиі-жиі ауыстырып отырады. Ал шүмекті көбіне қойдың асық жілігінен жасайды. Кейде айрықша аппақ болуы үшін сүтке қайнатып алады. Бесіктегі баланың аяғы, кеуде тұсы қатты байланғандықтан, оның қан айналу жүйесіне кері әсер етпеу үшін баланы жиі босатып алып, түрлі ...

Read More »

Ұялы телефонға үйренді дегенше, үйдің тірлігінен қол үзді дей беріңіз

«Ұл тәрбиелей отырып халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып ұлтты тәрбиелейміз» дейді жазушы Мұхтар Әуезов. Иә, бұл талас тудырмайтын шындық. Ұрпақты тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Барлық ата-ана өз перзентінің ақылды, тәртіпті, үлгілі, ибалы болып өсіп, бар жақсы қасиетті бойына сіңіргенін қалайды. Алайда, ол үшін бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек екенін түсіне бермейді. Балаға уақыт бөлмейді. Өкініштісі – бұл да ...

Read More »

Бір күнім тағы да сырғыды

Зеберкүл Шардарбекова, Тағы да… сырғыды бір күнім, Жылжыған жылдарға жамалып. Тірлігін істетіп жындының, Ойдан да, жырдан да ада қып. Табалап сықпытсыз түрімді, Сағаттар барады зырылдап. Онсыз да өлшеулі күнімді, Шетінен бітірді жырымдап. Күнді күн барады қуалап, Жарысқан баладай, о несі? Жеттім бе дегенде сығалап, Тұрады айың да келесі. Бір күнім тағы да сырғыды, Бір түрлі мақсатсыз, мұратсыз. Уақыт неғылсын жындыны, ...

Read More »