Мәселе

«Қара базардың» құны қанша?

«Қара базардың» құны қанша?

«Мөлдір» мейрамханасы маңындағы жұмыс Бұл тақырыпты жазуды ойланып жүргеніме біраз уақыт болған. Жақсы – тақырып. Бірақ, кейіпкерлері кездесе бермейді, кездессе де сенімен ашылып сөйлесуге келісе қоймайды. Айтпағымыз – жалдамалы жұмысшылар жайлы. Бір жақсысы, олардың тұрақты орны белгілі. Тараз қаласында, 5-шағын аудандағы «Мөлдір» мейрамханасының маңына барсаң, іздеген адамыңа кезіге кетесің. Жаздың жайдары күндерінің бірінде осы «қара базарға» жұмысшыларды жалға алатын адам ...

Read More »

Жылыжай жеткілікті, бірақ көлемі аз. неге?

Жылыжай жеткілікті, бірақ көлемі аз. неге?

Тұтынушыларды қыста да көкөніспен қамтамасыз ету ісі өңірімізде алғаш тоқсаныншы жылдардың соңына таман қолға алынған-ды. Сол тұста қордайлық Х.Дауров он шақты бөліктен тұратын жылыжай кешенін салып, қыстыгүні қияр, қызанақ егіп, өнімін елге ұсынды. Әрқайсысы әрі кетсе 100-150 мың теңге аралығында шығын жұмсауды талап ететін, көлемі 2-3 сотық қана мұндай жылыжайды екінің бірі өзінің үйі іргесінен тұрғызып, жұмысын жүйелеуіне мүмкіндігі болды. ...

Read More »

Сапасыз жол. Сан соққан халық

Сапасыз жол. Сан соққан халық

Тілшіге тығыз тапсырма Жол туралы айтсаң, жүргізуші біткеннің етегі жасқа толардай боп, ақтарыла жөнелетіні жасырын емес. Қаланың да, даланың да ой-шұңқырға толы жолдарынан олар әбден зәрезап болған. Жыл сайын жөндеу жұмыстарына мемлекет қазынасынан қыруар қаражат жұмсалғанымен, тас жолдардың тақтайдай тегіс болып тұрғаны шамалы. Мәселен, көршілес Қытай елінде 1 шақырым жол салу 175 миллион теңгеге түседі екен, ал Қазақстан 550 миллион ...

Read More »

ҚОРЫМ МАҢЫ ҚОҚЫС АЛАҢЫ ЕМЕС

ҚОРЫМ МАҢЫ ҚОҚЫС АЛАҢЫ ЕМЕС

Мойынқұм ауылының батыс беткейіндегі қорым маңы күннен-күнге күл-қоқысқа толып барады. Әр жерде төбе-төбе болып жатыр. Құдды бір қорым маңы емес, қоқыс алаңы ма дерсің. Қорымға апарар жолдың екі жақ жиегі де қоқыстан аяқ алып жүргісіз. Тіпті, құрылыс, тұрмыстық заттар мен бос шөлмектер, балалардың жөргектері де бар. Соның салдарынан ол жердің ауасы да ластанып, жағымсыз иіс қолқаны қабады. Қорым маңын осылай ...

Read More »

Көрінген жерді көлік тұрағына айналдырмайық

Көрінген  жерді  көлік  тұрағына  айналдырмайық

Бұрнағы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекеленуі тұсында облыс орталығында сәулет өнерінің таңғажайып туындылары бой көтерді. Бүгінде тараздықтар мен қала қонақтары қайда барып, серуендейміз демейді. Қалада көрнекі орындар мен көркем нысандар жетіп артылады. Көп қабатты тұрғын үйлер мен түрлі ғимараттар алдындағы көк орай шалғынға бөленген алаңдар да кісінің жанын рахатқа бөлейді. Облыс орталығының тұрғындары мен қала қонақтарына осындай тамаша тарту ...

Read More »

Мәселе де бар, сауал да жетеді

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының кеңес беру консалтингі орталығы бірыңғай қабылдау күнін «Ауыл-Береке» базарында өткізді. Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, қалалық прокуратураның қызметкерлері, халыққа қызмет көрсету орталығының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы мен ...

Read More »

Қауіпсіздік талаптары қатаң сақталса

Күн жылынысымен-ақ табиғи өрттер белең ала бастайтыны белгілі. Орман алқабы біздің өңіріміздің экожүйесінен де маңызды орын алады. Ормандарды өсімдіктер дүниесін қорғау қызметін атқаратын табиғи кешен десе де болады. Мысалы, сексеуіл нуы өңірдегі орман қоры алқабының жартысынан астамын алып жатыр. Облыс аумағында дала және орман өрттері жыл сайын тіркелуде және оның салдарынан жануарлар әлемі, тал, сексеуіл, шөптесін өсімдіктер түп-тамырымен қоса жойылу ...

Read More »

«Тастанды» деп түңілме

«Тастанды»  деп түңілме

Сәбидің бәрі бақытты болу үшін жаралған… Ұшса құстың қанаты талатын байтақ даламыз, еліміз шүкір, жыл өткен сайын өркениет көшінен қалмай, өркендеп келеді. Жылдар жылыстаған сайын еліміздің дамуына тоқмейілсігенімізбен, қоғамда жүрекке жүк артатын мәселелер азаяр емес. Бұл бәлкім сананы тұрмыс билеген нарықтық экономика заңдылығы шығар… Әлде… Қалай десек те, бойында жастықтың оты жалындап тұрған бұрымдыларымыз бұрынғылардың тәлім-тәрбиесін қаперінен шығарып, ойнақтап жүріп ...

Read More »

АТА-АНАСЫН БЕЗБҮЙРЕКТЕР ҒАНА ТІЛДЕЙДІ

АТА-АНАСЫН БЕЗБҮЙРЕКТЕР  ҒАНА ТІЛДЕЙДІ

Бір оқиға есіме түсіп отыр. Үсті-басы көкала қойдай болған бір баланы сатушылар дүкенде жанары жәудіреп жүрген жерінен көріп қап, полицияға хабарлаған. Полициялар оны алдымен медицина қызметкерлеріне көрсетіп, тексертті. Сөйтіп жеткіншектің денесіндегі іскен, көгерген, қызарған жарақаттың бәрі соққыдан болғаны анықталды. Сонда әлі бұғанасы қатпаған баланы осынша соққының астына алған кім? Тағы да тексеру, тағы да сұрау. Сөйтсе, баланы осы уақытқа дейін ...

Read More »

Алтекеңнің екінші өмірі басталды

Алтекеңнің екінші өмірі басталды

Үстіміздегі жылдың сәуір айында облыстық «Ақ жол» газеті Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, әнші, термеші, жыршы Алтынбек Оразбековтің 75 жылдығын атап өту турасында мәселе көтерген болатын. Облыстың бас басылымының бастамасын Талас ауданының әкімі, осы әкімдіктің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қабыл алып, жақында әйгілі әнші, сегіз қырлы, бір сырлы өнер дүлдүлін еске алу шарасы кіндік қаны тамған Үшарал ауылындағы ...

Read More »