Әдебиет

Батыр мен ақын

Батыр мен ақын

(Эссе) Доқтырхан Тұрлыбек, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Иә, Бектұрсын шын мәнінде талантты ақын болатын, маңдайымызға сыймай кетті. Әдебиетке, поэзияға кіршіксіз адал ақын «Абайдан соң, Мұқағалидан соң өлең жазып әуре болудың керегі жоқ!» – деп, бір жарым мың жолдан астам өлеңдерін өртеп жібергенін жақын досы, ақын Болат Үсенбаев айтып бергенде, қайран қалдым. Аузын ашса, көмейі көрінетін Бектұрсын адам біткеннің ...

Read More »

Шыңдағы Шерағаң

Шыңдағы Шерағаң

«Дүниеде не жаман? Бүлінген жаман. Іргеңді сөгіп, қабырғаңды қақыратып, шаңырағыңды ортаңа түсіретін сол. Ауызбірлік кеткенде солай болады. Бүтінделе аласың ба, содан кейін. Жағаласқан қол, жыртылған жаға, қалған көңіл қашан келеді орнына. Ұмытылмас азабы мен шері бар ғой оның. Бір-бірімізге кекті көзбен қарап, сумаңдатып сұқ саусақты кезесек, қараулық жасап, қарадай қауып тастасақ өзіміз өксіп, артымызда келе жатқан ұрпақ опынбай ма, күні ...

Read More »

Жыланның кегі

Елуінші жылдардың ортасы болуы керек, «Сұлтанбектің бозы» деген жерде, көктеуде отырғанбыз. «Бүйрекбастау» мен «Қотырбұлақтың» арасындағы кең алқапты бұрын осылай атайтын. Мына ауылдағы Сүйінбай, Сүйінбектің (ол кісілер қазір қайтыс болған) әкесі Омархан, оның әкесі Тәлей болса, Тәлейдің әкесі Сұлтанбек деген кісі осы жерді жайлап, соның атымен аталған көрінеді. Қазір бұл жерді ешкім бұлай атамайды. Қайбір жылы Мәденнің әкесі Ақылбек ақсақалға арнап ...

Read More »

Біздің Дүйсен

Біздің Дүйсен

(Эссе) Болат Бекжанов, ҚР Мәдениет қайраткері. Біз бесеу едік. Иә, сол кездегі «Біз бесеуміз, бесеуміз, бес тармақты жұлдызбыз» деп, балалар тақпақтап тұрып айтатындай-ақ, бесеу едік. Бірақ, «жұлдыз» болсақ деген қаперімізге де кірмейтін. Есесіне арманымыз таудай еді. Шетімізден романтикпіз. Он жылдық мектепті жаңа бітірген бізді қалаға сол арманшыл талап жетектеп жеткізген. «Культпросвет» деп аталатын Жамбыл мәдени-ағарту училищесіне жан-жақтан келіп құжат тапсырып ...

Read More »

Күйші

Күйші

Ахметжан ҚОСАҚОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сексенінші жылдардың орта тұсында облыстық газеттің Шу, Мойынқұм аудандарындағы меншікті тілшісі болғанмын. Көгілдір көктемнің сәуір айының соңы еді. Ауданға Мәскеуден данқты өнер майталманы Нұрғиса Тілендиев келіпті дегенді естіп, дара дарын иесімен сұхбаттасуға асықтым. Басшылықтың тапсырмасын күтпестен қонақ үйде жатқан жерінен тауып алып барғанымда күйші «Мен тілші шақыртқан жоқпын» деп қабылдамады. Салым суға кетіп, қайтқан ...

Read More »

Бір бақыт

Көше қарап отырмын тоңып, талып, Келмей қойдың, тағы да жолықпадық. Самарқаулық танытып жүздесуге, Ал жоғалтып алудан қорықпадық. Менің осы жеткендей шалғайға үнім, Айғай салдым, Ех, халің, қандай бүгін? Сендік күйді білмеймін, бірақ менің, У-ға айналып кетіпті балдай мұңым. Жын соққандай шарпыды суық қайғым, Сол қайғымды әспеттеп, ұлықтаймын. Көше жаққа көз салам, бір келер деп, Үміттімін… бөтен ой жуытпаймын. Тұңғиыққа айналып ...

Read More »

«Қайран өлең, жан-арымның жарқылы, Мен өлсем де, сен өлме!..»

Өмірнамам – өлеңім Сор басқаннан жан-дүниемді тым сортаң, Күресіп ем, қайтты есе… Өлең жазып қу жанымды жұмсартам, Ақындықта қай ақым бар, әйтпесе. Бұлықсыған бұл ақындық не теңім, Дарыса да жөргектен. Тек, желпінсем еркіндікке… жетемін, Таптырмайтын жер-көктен. Серпілгенде, самғап қалар ой-санам, Әруағымды шақырып. Армандауды, қиялдауды қойса адам – Ол кәдімгі мақұлық. Түсіндірдім жаңа ғана себебін, Солықтаймын сол үшін. Отты өлеңмен өз-өзімді ...

Read More »

Үзілген жапырақтар

Үзілген жапырақтар

Алтын күн бүгін жомарт жанша бар мейірім-шапағатын, шуақты нұрын жер бетіне төгуде. Шексіз мөлдір көк шатырдың үстінде ақ мамық бұлттар төселіп жатыр. Жел тербеген теректер, көгілдір аспан, төбесі көк тіреген ғимараттар жасанған сұлу қаланың сәнін келтіруде. Айнала құжынаған адам, зуылдаған көліктер… Осы сәтте орталық көшені бойлай келе жатқан Мейірімнің ойына әлдене оралғандай болды да, көңіл-күйі біртүрлі құлазып кетті. Әттең, табиғаттың ...

Read More »

Қанатымен су сепкен қарлығаштай…

Қанатымен су сепкен қарлығаштай…

Осы күні емші, шипагер десе тіксініп қалатындар бар. Бәлкім, емшінің бәрін өткеніңді айтып, болашағыңды болжайтын тәуіп, балгер, құмалақшымен шатастыратын шығар. «Медицинадан мықтысы жоқ, қайткенде де дәрігерге көрінген дұрыс!» дейді мұндайда бірден кесіп айтып. Алайда, олар емшілердің халықтық медицинаны жаңғыртушылар екенін саралап жатпайды. Бүгінгі әңгімеміз меркілік халық емшісі Әтіркүл Байәлі жайында. Бір кездері бұл кісі жайлы республикалық газет-журналдар кең көлемде жазған ...

Read More »

Кемербастау кереметі

Кемербастау – Алатаудың бауырынан буырқанып шығып жатқан бұлақ. Одан төменіректе сол аттас ауыл бар. Ұзын жолдың бойымен ары-бері ағылып жатқан жолаушы ауылдың атауын сан рет оқыған да болар. Бірақ, суының айрықша қасиеті барын екінің бірі біле бермейді. Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданына біздің жолымыз жайдан-жай түскен жоқ-ты. Атақты ғалым ағамыз Мекемтас Мырзахметұлымен ол кісінің туған жерінде жатып, бірнеше күн шығармашылық ...

Read More »