Құқық

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі – басты назарда

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі – басты назарда

Нұрби ЖІГІТЕКОВ, ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті облыстық аумақтық инспекциясының басшысы. Бүгінде еліміз аумағында шегірткелердің 270-тен астам түрі кездеседі. Оның ішінде 10-15 түрі техникалық, дәнді және бау-бақша дақылдарына, жайылымдықтар мен шабындықтарға орасан зор зиян келтіретіні белгілі. Тіршілік ету ерекшеліктеріне байланысты олар үйірлі және саяқ шегірткелер болып екі топқа бөлінеді. Ең қауіптілері – үйірлі шегірткелер. Оларға тән басты қасиет – ...

Read More »

АУЫЛ АРАСЫНДАҒЫ АТЫС

АУЫЛ АРАСЫНДАҒЫ АТЫС

Жамбыл ауданына қарасты Қаракемер және Құмтиын ауылдарының азаматтары арасында болған атыс-шабыстан 30 жастағы қаракемерлік азамат көз жұмып, 9 адам түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілген болатын. Қарулы қақтығыстан көз жұмған азамат өрт сөндіру қызметінде жұмыс істеген, оның артында 3 баласы қалып отыр. Сондай-ақ, ауыл арасындағы жаппай төбелес пен атыс-шабыстан жапа шеккендердің қатарында кәмелет жасына толмаған 16 жастағы жеткіншек те бар. Бүгінгі ...

Read More »

Заңдық көмек сапалы көрсетілуі тиіс

Облыстық сотта «Азаматтық, әкімшілік сот ісін жүргізудегі өкілдік қызметтердің мәні» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған облыстық соттың азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков, облыстық соттың, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары мен төрағалары, адвокаттар алқасы, әділет департаменті, прокуратура, кәсіпкерлік палатасы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Шараның мақсаты – азаматтық, әкімшілік іс жүргізудегі өкілдік қызметтерді жетілдіру, «Адвокаттық қызмет және ...

Read More »

Істің көзін табамын десең…

Жастар – қашанда үлкен күш. Оларды қоғамның негізгі бағыттарына қарай бейімдеу – уақыт талабы. Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі көптеген ізгі шараларды өткізіп, көпшілікке бағыт беріп отыр. Жақында «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Тараздағы «Тараз-ғасыр» колледжінде жоғары курс студенттерімен кездесу өткізілді. Бұл жиын «Бастау бизнес» жобасы аясында жастарды кәсіпкерлік негіздеріне бейімдеу мәселесіне арналды. ...

Read More »

Адал еңбекке – көңіл толады

Адам баласы дүниеге келгенде бәрі бірдей болып көрінеді. Уақыт өте келе тағдырдың тәлкегіне шырмалып, кісіге әртүрлі мінез-құлық бітеді. Ал, үлгілі әке, абыройлы аға болу барлық жанға бірдей бұйырмаған. Қылмыскерді түзетемін, олармен жұмыс жүргіземін дейтіндер де аз емес. Ер адамдар көбіне әскери қызметкер болуды армандайды. Сондай азаматтардың бірі – Ғалымжан Тілепов. Ол қазіргі кезде ЖД 158/4 мекемесінде тәрбие бөлімінің жасақ бастығы ...

Read More »

Қадағалауды күшейту нәтижесін беруде

Аталған акция барысында да, оған аудан әкімдігінің уәкілетті органдары, банк және аурухана қызметкерлері қатысып, «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» және басқа да мемлекет тарапынан халыққа жасалып жатқан бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді және олардың көкейдегі сұрақтарына жауаптар берілді. Ал, дәрігерлер ауыл адамдарына дәрігерлік көмектерін көрсетті. Егер «Балалар – біздің болашағымыз» дейтін қағиданы ескерер болсақ, өскіндердің өмір баспалдағы алтын ұя – мектепте ...

Read More »

Заң жобаларының негізгі ережелерін түсіндірді

Брифингте облыстық әділет департаментінің ағымдағы жылдың тоғыз айында атқарған жұмысының қорытындысы әңгіме болды. Департамент басшысының міндетін атқарушы Дәурен Дайрабаев департамент мамандары 47293 жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізгенін мәлімдеді. Есептік кезеңде бюджетке түскен алым сомасы 70 756644 теңгені құрайды. Әділет органдарының алғашқы кезектегі міндеттерінің бірі – «электрондық үкіметті» дамыту болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын, сапасын және жеделдігін арттыруды қамтамасыз ...

Read More »

Бәсекелестік ортаға беру – өсу мен өркендеу кепілі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» №1141 қаулысымен жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілген. Қаулыны ауданда жүзеге асыру үшін арнайы іс-шара жоспары жасалынып, бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесіне аудан бойынша «Көгалдандыру және көріктендіру» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі енгізіліп отыр. Коммуналдық меншіктегі нысанды сату Үкіметтің 2011 жылғы 9 тамыздағы «Жекешелендіру ...

Read More »

Қадағалау – қарымды, тексеру – тегеурінді болса

Аудан прокуратурасы үстіміздегі жылдың басынан бастап өз қызметін атқару барысында Бас прокурордың бұйрықтары мен алқа мәжілістерінің шешімдерін басшылыққа ала отырып, прокурорлық қадағалаудың басты бағыттары бойынша пәрменді іс-шараларды жүзеге асыруда. Мұндағы атқарылған жұмыстар Елбасы тарапынан прокуратура органдары алдында қойылған міндеттерді тиімді орындауға бағытталды және Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының қағидалары басты назарда болды. Осы ...

Read More »

Облысқа жаңа прокурор келді

Облысқа жаңа прокурор келді

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалы-ғымен өткен актив отырысында облысымызға жаңадан тағайындалған прокурор таныстырылды. Жиынға облыстық мәслихат хатшысы, облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімдігінің аппарат басшысы, басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қатысты. Облыс әкімі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тиісті бұйрығымен таныстыру үшін өңірімізге жұмыс сапарымен келген Бас Прокурордың орынбасары М.Ахметжановқа ...

Read More »